«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өртенген жертөле

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақпанның 13-і күні Петропавл­да­ғы үш қабатты әкімшілік ғима­раттың жертөлесі өртке оранып, қызыл жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыды.

Облыстық төтенше жағдайлар жө­­ніндегі департаменттің мәліме­тін­­ше, оқыс оқиға сағат 22:37-де орын ал­ған. Өрт Ғ.Мүсірепов көше­сін­де ор­на­ласқан әкімшілік ғима­рат­тың жер­­­төлесінен шыққан. Оқиға ор­ны­на дереу құтқарушылар жөнелтілді.

– Қызыл жалынды ауыздық­тау­ға жеке құрамның 23 адамы мен 7 техника жұмылдырылды. От сағат 23:29-да сөндірілді. Улану белгіле­рі бар 1985 жылы туған ер адам ау­ру­ханаға жатқызылды, – дейді об­лыстық төтенше жағдайлар жөнін­дегі департаменттің баспасөз хат­шысы Евгений Журавлев.

“Qyzyljarnews.kz”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp