«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды мәселелер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 11-сессия­сы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелердің бірі – 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетке енгізіле­тін өзгерістер мен толықтырулар. Салалар бойынша нақты­ланған бюджет туралы облыстық әкімдіктің қар­жы бас­қармасының басшысы Наталья Дышкант баяндады.

Сонымен қатар амбулато­рия­­лық емдеу кезінде облыс азамат­тарының жекелеген са­наттарына тегін медициналық көмектің кепіл­дік берілген көле­мін, оның ішінде дәрілік заттар­ды, арнайы емдік өнімдерді, ме­дициналық бұйым­дарды қо­сым­ша тегін беру туралы ше­шім­ге өзгеріс енгізу жайы тал­қыланды.

Өңір аумағында жолаушы­лар­ды тұрақты әлеуметтік ма­ңызы бар облысішілік тасымал­дау та­рифі өзгермек. Облыстық жолау­шылар көлігі және авто­мобиль жолдары басқармасы­ның басшы­сы Мақсат Баяхмет осы жайлы баяндап, халық қалаулыларының қарауына ұсынды.

“Қызылжар жастары 2024-2029 жылдарға арналған” әлеу­меттік бағдарламасын бекіту ту­ра­лы облыстық ішкі саясат басқармасының бас­шысы Асқар Хабибулин баяндады.

Сессия барысында облыс әкі­мі­нің ұсынысымен қоғам қай­рат­кері, денсаулық сақтау са­ласын­дағы еңбек ардагері Азамат Бел­гібайұлы Мағзұмовқа “Солтүстік Қазақстан облысы­ның құрметті аза­маты” атағын беру мәселесі қа­растырылды.

Бұдан бөлек облыстық мәс­ли­хаттың аудандық сайлау ко­мис­сияларының мүшелерін сай­лау ту­ралы және жаңа кадрлық та­ғайындауларға байланысты об­лыс әкімдігі жанындағы бір­қатар ко­миссиялардың дербес құрамы ту­ралы шешімдеріне өз­герістер енгізілді.

Күн тәртібіне енгізілген мә­се­ле­лер облыстық мәслихат­тың тұ­рақты комиссияларының бірлес­кен отырысында алдын ала ег­жей-тегжейлі талқылан­ды. Сес­сияда қаралған барлық мәселе­лер бойынша шешімдер қабыл­данды.

Қайрат САДЫҚОВ,

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp