«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екінші қабаты жанып кетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы техникалық қыз­мет көрсету стансаларының бі­рінде өрт шықты. Ғимараттың екін­ші қабаты мен шатыры толы­ғы­мен жанып кетті. Облыстық тө­тенше жағдайлар департаменті та­ратқан мәліметке сүйенсек, оқи­ға Мәскеу көшесінде орналас­қан ғи­маратта орын алған. Қызыл жа­лын 90 шаршы метр аумақты қамтыды.

– Өрт ғимаратқа жақын орна­ласқан дүкенге ауып кетпеу үшін құтқарушылар барын салды. Қы­зыл жалын уақытылы ауыздық­тал­ды, 30 маман мен 10 техника жұмылдырылды, – деді департа­мен­ттің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp