«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сау ағзаға зәру

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Былтыр ел бойынша 230-дан ас­там ағза транс­плантациясы жа­сал­ған, cо­ның 15 пайызы қайтыс бол­ған адамның ағзасынан алын­ған. Қызылжар өңірін­де 110 адам ағза ауыстыру кезегінде тұр­са, оның бі­реуі – мектеп оқушысы.

Облыс бойынша трансплан­та­ция үйлестірушісі Әділхан Қаб­дуов­тың айтуынша, қалада 2 до­нор­лық стационар бар. Әр донор­лық стационарда бас-ми өлімін анықтайтын комиссия құрылған. Оның құрамына реаниматолог, невропатолог, нейрохирург және бас дәрігердің орынбасары кіреді. Ағза донорлығына рұқсат алу үшін науқастың туыстарының келісімі қажет. Бірақ көбіне қайтыс болған адамның жақындары ағзаны ауыс­тыруға келіспейді екен.

– Біздің елімізде адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлық өте баяу дамып жатыр. Бір адамның ағ­засы 7 адамның өмірін құтқа­ра­ды, – дейді Солтүстік Қа­зақстан об­лысы бойынша транс­плантация үйлестірушісі Әділхан Қабдуов.

Бас-ми өлімі тіркелген жағдай­да бірінші кезекте қай науқастың ағзасын ауыстыру қажет екенін “Арнайы күту парағы” деп атала­тын бағдарлама шешеді. Жүйе трансплантация бойынша рес­пуб­ликалық үйлестіру орталығын­да жұмыс істеп тұр. Яғни осы бағдарлама кезекті науқастың қан тобы мен тіндік сәйкестігіне қарай белгілейді.

Еліміз бойынша трансплант­тау отасы 6 қалада жасалады. Оған Петропавл қаласы кірмейді.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp