«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОЭЗИЯ ПАДИШАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жанындағы ұлттық және шетел әдебиеттер бөлімінің мамандары ақын, жазушы, драматург Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде “Поэзия падишасы” атты “дөңгелек үстел” отырысын өткізді.

Әбділда Тәжібаев 1909 жы­лы 4 ақпанда дүниеге келген. Ол алты жасында жетім қалып, ана­сы Айманкүл екі баласын – ұлы Әбділда мен қызы Зылиханы алып Перовскіден (Қызылорда) батысқа қарай 175 шақырым­да­ғы Қараөзек темір жол станса­сында тұратын төркін жұртын жа­ға­лауға мәжбүр болады. Бірақ ауыр тұрмыс тауқыметі мұнда да көп аялдатпайды. 1918 жыл­дың қысына қарай ел ішіне кел­ген сүзек індетінен ауыл­дың жар­тысы бақилыққа аттанады.

Қалада кеңес өкіметі жетім-же­сірге қарасады екен деген сөз тарап, Айманкүл ұлын жетектеп 1919 жылдың күзінде Ақмешітке көшіп келеді. “Күн көрдік, өлгені­міз жоқ. Бірақ тірлігіміздің сәні де болмады. Кейде аштарға бере­тін бидай ботқасынан кезекке тұ­рып ыстық ботқа аламыз. Ол әб­ден тойынатын күндеріміз. Көбінесе әлсіз адамдарға мұндай бот­қа да жетпей қалады”, – деп жа­зыпты қаламгер өзінің естелі­гінде.

Іс-шарада ақын, Қазақстан Жа­­зушылар одағының мүшесі Нұр­гүл Оқашева қаламгердің өмі­рі туралы баянда­ды, колледж мұғалімі Бағлан Со­вет­қызы ақынның шығармашы­лы­ғына терең бойлады. Сту­дент­тер ақынның махаббат, та­би­ғат тақырыбындағы бірқатар өлеңін нақышына келтіріп оқып берді.

“Әбділда Тәжібаев әдебиет­тің барлық жанрында – поэзия, проза, драматургия, кино­сце­нарий, сын саласында қалам тарт­ты. “Майра”, “Жалғыз ағаш ор­ман емес”, “Той боларда” және басқа да пьесалары қазақ драматургиясының елеулі табы­сы ретінде қабылданып, та­л­ай жыл театрларда қойылды, Н.По­годинмен бірлесіп жазған сце­нарийі бойынша түсірілген “Жам­был” көркем фильмі қазақ киносының алтын қорында сақ­таулы”, – дейді кітапхана қыз­меткері Дана Арманқызы.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp