«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Талапты сақтамаса, жазаланады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жағынан орнықты дамып келе жатқан, ұлтаралық жан­жал-шиеленісі жоқ ел болған­дық­тан, соңғы жылдары шетелдіктер тарапынан жұмыс іздеп, болмаса уақытша қоныс аудару үрдісінің арта түскені байқалады. Соған орай мемлекет тарапынан заң­сыз мигранттар ағынына тос­қауыл қою, алдын алу, реттеп оты­ру, сөйтіп елдегі ішкі тәртіпті нығайту мақсатында заң бұзушы­лықтарды болдырмаудың кешен­ді шаралары қарастырылған. Рес­публика аумағына заңсыз кіріп-шыққан еңбек мигранттарының жауапкершілігі, жүріп-тұруы, ше­ка­радан өту ережелері, ел аума­ғынан шығару мәселелелері қа­таң қадағаланады. Табыс тауып жүрген кейбір шетелдіктер ара­сында заң нормаларын сақта­май, жауапкершілікке тартылып жататындары жоқ емес. Заңды бірнеше рет бұзған жағдайда іс қылмыстық сотта қаралады.

“Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексте шетелдіктің не­месе азаматтығы жоқ адамның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуына байланыс­ты әртүрлі жауапкершілікке тарту көзделген. Егер Қазақстан Рес­публикасы аумағы арқылы тран­зиттік жол жүру қағидаларын сақ­тамай, халықтың көші-қоны сала­сындағы заңнаманы бұзса, он бес айлық есептiк көрсеткiш мөл­шерiнде айыппұл салу не Қазақ­стан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жiберу қарастырылған. Ал заңнамада белгіленген мер­зім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жал­тарса, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады не Қазақстан Респуб­ликасының шегiнен тысқары жер­ге әкімшілік жолмен шығарыла­ды. Шетелдіктердің жүзеге асы­ратын қызметі визада көрсетіл­ген мақсаттарға сәйкес болмаса немесе жергілікті атқарушы ор­ган­нан өз бетінше жұмысқа орна­ласу үшін біліктілік сәйкестігі ту­ралы анықтаманы не жұмысқа ор­наласуға рұқсатты алу еңбек қыз­метін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдай­да, мұндай анықтаманы не рұқ­саттарды алмастан жалғастыр­са, жиырма бес айлық есептiк көр­сеткiш мөлшерiнде айыппұл са­лы­нады, он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алы­на­ды, не Республика шегінен әкімшілік жолмен шығарылады.

Қылмыстық кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын, мемле­кеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тысқары жерден қасақана заңсыз кесіп өту, сол сияқты мемлекеттiк шекараның көрсетілген пункттерінен жалған құжаттар арқылы немесе үшінші тұлғалардың жарамды құжатта­рын алдап пайдалана отырып, со­нымен бірге белгіленген тәртіпті бұза отырып қасақана заңсыз ке­сіп өту – шетелдікті немесе аза­маттығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс­қа­ры жерге бес жыл мерзімге шы­ғарып жібере отырып, бір мың ай­лық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөл­шерде айыппұл салу не бір жылға дейінгі мерзімге бас бос­тандығынан айыру жазасы қарас­тырылған. Қылмыстық топ жа­саған не күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жа­салған дәл сол іс-әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының ше­гінен тысқары жерге бес жыл мер­зімге шығарып жіберіледі бол­маса бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Қызылжар аудандық сотында жыл басынан бері көші-қон заң­намаларына бағынбай, құқықбұ­зушылық әрекетке барған 13 ше­телдік азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 7 шетелдікке әкім­шілік айыппұл салу, 4 шетелдікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза қолданылды. 2 шетелдік елі­міздің шегiнен әкімшілік жолмен шығарылды.

Жасыратыны жоқ, заңнаманы бұзатын шетелдік азаматтардың көбі жұмысқа заңсыз тарты­лып жатады. Үкіметтің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулы­сындағы көшіп келушілердің Қа­зақстанға келу және онда болуы, сондай-ақ олардың кетуі туралы тәртіп нақты айқындалғанмен, та­лаптар сақтала бермейді. Кодексте жұмыс берушінің шетелдік жұ­мыс күшін жергілікті атқарушы ор­ган беретін, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалар немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдаланған жеке тұлға­ларға, лауазымды адамдарға, ша­ғын, орташа, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға айыппұл салу анық жазылған. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін әрекеттер бір жыл ішінде қайталанса, айып­пұл мөлшері еселене түседі.

Халықтың көші-қон саласын­дағы заңнамасында немесе ра­ти­фикациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, уақытша көшіп келушілер жергі­лікті атқарушы орган берген тиісті рұқсаттарсыз еңбек қызметін жү­зеге асыруға еш құқы жоқ. Ау­дандық сот отырысы барысында 4 шетелдік азаматтың жергілікті атқарушы орган беретін рұқса­тынсыз жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің біріне орналасқаны анықталды. Серіктестік бас­шылығы өз бетінше жұмыспен қам­тамасыз етіп, орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анық­тамаларды талап етуді қажет деп таппаған. Осылайша ішкі істер органдарының рұқсаты жоқ ше­телдіктердің еңбегін пайдаланған.

Аталған фактіге байланысты аудандық полиция бөліміне ЖШС-ның көші-қон заңнамасын бұзуының белгіленген мән-жай­ларын анықтау, әкімшілік жауап­кершілікке тарту және мұндай заң бұ­зушылықтардың алдын алу ша­ралары жайлы жеке ұйғарым жол­данды.

Таңат СМАҒҰЛОВ,

Қызылжар аудандық сотының төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp