«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫСТЫ ЖЕҢІЛДЕТКЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы жер кадастры саласындағы коммерциялық қызметті цифрландырды.

Енді жер телімінің шекарасын қалпына келтіру мен белгілеу өтініштерін “Жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастры” ақпараттық жүйесіндегі жария кадастрлық карта арқылы беруге болады.

Бұл жаңашылдықтың бірнеше артықшылығы бар. Мәселен, сыбайлас жемқорлық қаупі төмендейді, өтініштерді аумақтан тыс кез келген жерден беруге болады. Егер бұрын “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік мекемесінің филиалына барып, өтініш беріп, дайын нәтижені алып кету керек болса, қазір ондай қажеттілік жоқ. Кез келген азамат немесе заңды тұлға тіркеуден өткеннен кейін (логин/пароль, ЭЦҚ, Digital-ID, QR код) жария кадастрлық картаға өтініш бере алады. Шекараларды белгілеуге немесе қалпына келтіруге өтініш берген кезде жүйе қызмет құнын жедел есептеп береді. Жердің мақсаты мен аумағына байланысты клиентке келісімшарт және тіпті қол қою, төлем үшін шот жіберіледі. Шекараларды белгілеу туралы қорытынды құжат электронды түрде де қолжетімді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp