«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРНАЙЫ ДЕТЕКТОРДЫҢ КӨМЕГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік корпорация ма­мандандырылған халыққа қыз­мет көрсету орталықтарында сы­байлас жемқорлыққа қарсы үз­діксіз күрес жүргізуде. Жүргізуші куәліктеріне теориялық емти­хандарды тапсырудың ашықты­ғын қамтамасыз ету үшін бұған дейін 3.0 ЖЖЕ жүйесі енгізілген болатын. Енді тестілеу процесін шулы электромагниттік жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын технологияның көмегімен де бақылауға болады.

Айта кетейік, әрбір үшінші жүр­гізуші куәлігін алуға үміткер ай­ласын асырып, теорияны микроқұлаққаппен тапсыруға тырысады. Бұл олқылықты бол­дыр­мау үшін мемлекеттік кор­порация оларды анықтайтын ар­найы детекторлар енгізді.

– Микроқұлаққаптардың диа­метрі 2 миллиметрден ас­пайды, оларды көру мүмкін емес болғандықтан біз жиілігі төмен сиг­­налдарды анықтай­тын жүйе ен­­гіздік. Ол микроқұлақ­қап­тар­дың бар-жоғын бірден анық­тап, ХҚКО операторына де­реу хабар­лайды. Сон­дай-ақ, бағ­дар­лама автоматты түрде экран­ға микроқұлаққап та­былғаны жә­не тестілеу тоқтаты­ла­тыны ту­ра­лы хабарламаны шығарады, – де­ді “Азаматтарға арналған үкі­мет” басқарма төрағасының орын­ба­сары Шың­ғыс Оразалимов.

Естеріңізге сала кетейік, кө­мекші техниканы, үшінші тұлға­лар­дың көмегі мен кеңестерін пай­даланудың барлық фактіле­рін мемлекеттік корпорация тір­кейді. Бұл ретте емтихан нәти­же­ле­рі жойылады. Емтиханға қай­та кіру үш айдан кейін ғана мүмкін болады. ЖЖЕ 3.0 жүйесі енгізілген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін емтиханды түрлі ай­ла-шарғымен тапсырудың 222 фактісі анықталды.

Анар ҚҰСАНОВА,

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp