«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 21, 2024

ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТАР ҰСЫНЫСТАР

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Сенатта өткен Үкімет сағатында өңірдегі демографиялық жағдайды жақсарту және өзекті мәселелерді шешу бойынша баяндама жасап, ұсыныстар айтты. Атап айтқанда,  облыста тұрақты тұратын отбасыларға жаңа туған және бала күтімінің біржолғы жәрдемақысын, көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2 есеге өсіру, еңбекпен қамтылған әрбір жұмыссыз үшін  жұмыс берушілерге 2 жыл бойы 30 АЕК …

ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТАР ҰСЫНЫСТАР Read More »

АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР АУҚЫМДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қалалық Мәдениет үйінде өңір тұрғындарымен кездесті. Іс-шараға Петропавл қаласының басшысы Серік Мұхамедиев, мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты. Тұрғындардың сұрақтарына жауап бермес бұрын қала әкімі Серік Мұхамедиев баяндама жасап, облыс орталығында атқарылған жұмыстарды шолып өтті, алға қойған жоспарлармен бөлісті. “Былтыр Петропавлда 191 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. 2022 жылмен салыстырғанда өсім …

АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР АУҚЫМДЫ Read More »

МІНДЕТТЕРІНЕ САЛҒЫРТ ҚАРАҒАН

“Amanat” партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысында көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларды талапқа сай ұйымдастыру, қысқы кезеңде білім беру нысандарын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету, “Жол картасы” шеңберінде Булаево қаласында 3 қабатты 45 пәтерлі баспана салу мәселелері талқыланды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нұрсұлтан Елеусізов жағдайдың бақылауға алынғанын, су басу қаупі бар аймақтарда …

МІНДЕТТЕРІНЕ САЛҒЫРТ ҚАРАҒАН Read More »

АРНАЙЫ ДЕТЕКТОРДЫҢ КӨМЕГІ

Мемлекеттік корпорация ма­мандандырылған халыққа қыз­мет көрсету орталықтарында сы­байлас жемқорлыққа қарсы үз­діксіз күрес жүргізуде. Жүргізуші куәліктеріне теориялық емти­хандарды тапсырудың ашықты­ғын қамтамасыз ету үшін бұған дейін 3.0 ЖЖЕ жүйесі енгізілген болатын. Енді тестілеу процесін шулы электромагниттік жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын технологияның көмегімен де бақылауға болады. Айта кетейік, әрбір үшінші жүр­гізуші куәлігін алуға үміткер ай­ласын асырып, теорияны микроқұлаққаппен …

АРНАЙЫ ДЕТЕКТОРДЫҢ КӨМЕГІ Read More »

Үсік шалғандар

Өңірде жыл басынан бері 45 адамды үсік шалса, оның 9-ы дәрігерлерге өткен аптада қаралған. Облыста қыс қайта қаһа­ры­на мініп, аяздың бет қаратпай тұрғанына бір аптаға жуықтады. Ескерту бе­ріл­генімен, сақтан­бай, үсікке ұры­нып, дәрігерлер­дің көмегі қа­жет болған сырқат­тар саны арт­қан. Мамандардың айтуын­ша, далада ұзақ жүру, ауа райына сай киінбеу, суықты елемеу, кей­де тіпті спирттік ішім­діктердің әсе­рі үсік …

Үсік шалғандар Read More »

Таңбалау мерзімі ұзартылды

Индустрия және құрылыс ми­нистрінің бұйрығымен аяқ киім өнімдерін таңбалау және қада­ғалау қағидаларына тиісті өзге­рістер енгізілді. “Аяқ киім бұйымдарын ай­налымға енгізу оларға сәйкес­тендіру құралдарын қолдану және сәйкестендіру құралда­рымен аяқ киім бұйымдарының таңбалануы, олардың Қазақ­стан Республикасының аума­ғында айналысы және айналыс­тан алынуы туралы ақпаратты тауарларды таңбалау және қа­дағалаудың ақпараттық жүйесі­не беру арқылы жүзеге асыры­лады. Сәйкестендіру құралдары­мен таңбаланбаған аяқ …

Таңбалау мерзімі ұзартылды Read More »

Сағыныштан жанымды тілімдедім

Ақжан БЕРКІМБАЙ, 59 жаста. – Сәрсенбайдың баласы қай жақта оқушы еді? – Чехияға кеткен екен. – Біздің Марат та биыл Ита­лияға барамын деп отыр… Құрбымның туған күніне жи­налған әріптестерімнің осы әңгі­месі жүрегіме бұрыннан біткен жараны тырнап өткендей селк етіп, айналамдағыларға жағалай қарап шықтым. Манадан бері емен-жарқын көңіл көтеріп отыр­ған менің үстіме біреу мұздай су құйып …

Сағыныштан жанымды тілімдедім Read More »

АСЫЛ ДОСТАР АЙНЫМАС

Амангелді ағамыз – Алматы, Бақтыбай ағамыз Петропавл қаласында тұрады. Екеуі де жастайынан құлын-тайдай тебісіп өскендіктен, бір-біріне тонның ішкі бауындай етене жақын, сенімді серік, достыққа берік. Атқан оқтай, шапқан аттай зымырап жатқан ұшқыр уақытта тоқтау жоқ демесең, желмаядай желіп, жетпіске жеткен Әбекең мен Бәкеңнің бойлары сергек, жүріс-тұрыстары ширақ. Ес білгеннен араларында пайда болған ерекше бір жылылық …

АСЫЛ ДОСТАР АЙНЫМАС Read More »

Жинақтау мерзімі ұзартылмақ

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағ­дай­ларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемде­рін пайдаланудың қолданыс­тағы ережелеріне өзгеріс­тер енгізуді ұсынып отыр. Ұсынысқа сәйкес, “Отбасы банк” депозиттерінде бір­жолғы зейнетақы төлемдері қаражатын жинақтау мерзімі 3 жылдан 8 жылға дейін ұл­ғайтылмақ. Осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша еліміздегі 135 мыңға жуық азамат өз қаражатын біржолғы зейнетақы төлемдері­нен “Отбасы банк” АҚ …

Жинақтау мерзімі ұзартылмақ Read More »

Маңызы зор жоба

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыс­тары бойынша “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемле­кеттік мекемелері “Солтүстік Қазақстандағы этнос­аралық қатынастардың өңірлік ерекшеліктері” ғылыми жо­басын аяқтады. Бағдарламаның басты мақ­са­ты – ХХ–ХХІ ғасырлардағы Солтүстік Қазақстандағы этноде­мографиялық үдерістерді ке­шен­ді және жүйелі зерттеу, эт­носаралық қатынастар саласын­дағы мемлекеттік саясатты же­тілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу. Зерттеу барысында үш мың респондентке сауал қойылды. Жоба жетекшісі, “Myrzakh­metov University” …

Маңызы зор жоба Read More »

Сот талабын орындамаған

Тайынша ауданының әкімі­нен мемлекет есебіне 74 мың тең­геге жуық қаражат өндіріліп алынды. Облыстық сот мәлім еткен­дей, ер адам маманданды­рылған ауданаралық әкімшілік сотына Тайынша ауданы әкімді­гінің хаттамалық шешімінің күшін жою туралы талап арыз берген. Әкімшілік істі қарау кезінде сот жауапкерге 3 қаңтарға дейін осы орган басшысының уәжделген ұстанымын көрсетіп, талап арыз­ға жазбаша жауап беруді мін­деттеді. Сондай-ақ …

Сот талабын орындамаған Read More »