«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызы зор жоба

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыс­тары бойынша “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемле­кеттік мекемелері “Солтүстік Қазақстандағы этнос­аралық қатынастардың өңірлік ерекшеліктері” ғылыми жо­басын аяқтады.

Бағдарламаның басты мақ­са­ты – ХХ–ХХІ ғасырлардағы Солтүстік Қазақстандағы этноде­мографиялық үдерістерді ке­шен­ді және жүйелі зерттеу, эт­носаралық қатынастар саласын­дағы мемлекеттік саясатты же­тілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу. Зерттеу барысында үш мың респондентке сауал қойылды.

Жоба жетекшісі, “Myrzakh­metov University” жоғары оқу оры­нының ғылыми жұмыстар жөнін­дегі проректоры Ардақ Капышевтың жетекшілігімен ауқымды ша­ра­лар атқарылып, әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері сарапқа салынды.

Жобаның қорытындылары мен этносаралық қатынастар са­ласындағы мемлекеттік саясат­ты жетілдіру бойынша ұсынымдарды зерттеу тобы “Солтүстік Қа­зақстандағы этносаралық қаты­настардың негізгі факторлары” атты сараптамалық дискурсты Ақмола облысындағы Достық үйінде ұйымдастырып, кеңінен талқылады.

Зерттеу тобының мүшесі, Мә­дениет және ақпарат министрлігі қоғамдық даму институты қо­ғам­дық процестерді зерттеу орталығының басшысы Ризат Тасым қа­тысушыларға ғылыми зерттеу­дің таныстырылымын ұсынды.

“Myrzakhmetov University” ха­лықаралық қатынастар және та­рих кафедрасының аға оқытушысы Анна Свинарчук әлеумет­та­нулық зерттеу нәтижелерімен та­ныстырды. Сарапшылар оф­лайн және онлайн режімде қа­тысып, этносаралық саладағы бі­регейлік, патриотизм, ақпарат­тық өрістің ахуалы сияқты өзекті мәселелер жөнінде ой-пікірлер алмасты.

Қазақстан халқы Ақмола об­лыстық ассамблеясы жанын­дағы ғылыми-сараптамалық то­бы­ның төрағасы Марат Өтеге­нов, Қос­танай облысы Федоров ауданы әкімінің орынбасары Рамиль Ва­леев, Рудный қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүл­шат Ерме­ше­кова, Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы этносаралық қаты­настар саласын талдау және мониторинг бөлімінің жетекшісі Бағдат Мұқанова өңірлік саясат­та жаңа тәсілдерді іздеу бойынша ойларымен бөлісті.

Ардақ Капышев этносаяси дис­курсты қорытындылай келіп, ал­дағы уақытта жергілікті атқару­шы органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жалғасатынын, ғылым мен тәжірибенің байла­нысы нығайтылатынын атап өтті. Ғылыми зерттеу нәтижелері облыстық ішкі саясат басқармаларына жіберілетін болды.

Болат БАЗАРБАЕВ,

облыстық “Қоғамдық келісім” КММ басшысының міндетін атқарушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp