Индустрия және құрылыс министрінің бұйрығымен аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді.
“Аяқ киім бұйымдарын айналымға енгізу оларға сәйкестендіру құралдарын қолдану және сәйкестендіру құралдарымен аяқ киім бұйымдарының таңбалануы, олардың Қазақстан Республикасының аумағында айналысы және айналыстан алынуы туралы ақпаратты тауарларды таңбалау және қадағалаудың ақпараттық жүйесіне беру арқылы жүзеге асырылады.
Сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған аяқ киім бұйымдарының қалдықтарын айналысқа шығаруға және айналыстан алуға жол берілмейді. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын аяқ киім бұйымдарының қалдықтарын таңбалау 2024 жылғы 1 маусымға дейін жүзеге асырылады.
Сонымен қатар 2024 жылғы 1 маусымға дейін аяқ киім бұйымдарының тұтынушылық қаптамасына немесе аяқ киім бұйымдарының тауарлық жапсырмаларына тауарларды таңбалауға, сәйкестендіру құралдарын қолдануға олар ішкі тұтыну үшін шығару немесе қайта импорттау рәсіміне орналастырылғаннан кейін рұқсат етіледі”, – делінген бұйрықта.
Қағидалар сондай-ақ сәйкестендіру туралы ақпаратты сканерлеу, қолмен енгізу немесе жүктеу арқылы тауарларды таңбалау және қадағалаудың ақпараттық жүйесі тауарлардың экспорты туралы ақпаратты беру мақсатында қалыптастырылатын электрондық құжат – “аяқ киім тауарларының экспорты туралы хабарлама” жаңа тұжырымдамасымен толықтырылды. Қазақстан Республикасынан тауарларды жөнелтетін тауар айналымына қатысушы Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына таңбаланған тауарларды нақты трансшекаралық өткізу басталғанға дейін тауарларды таңбалау және қадағалаудың ақпараттық жүйесі хабарлама жібереді. Түзетулер аяқ киім өнімдерінің айналымына қатысушылар толтыруы тиіс бірқатар нысандарды жаңартты. Бұйрық 2024 жылғы 27 ақпанда күшіне енеді.
Әсет ҚАНАФИН.