«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жинақтау мерзімі ұзартылмақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағ­дай­ларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемде­рін пайдаланудың қолданыс­тағы ережелеріне өзгеріс­тер енгізуді ұсынып отыр. Ұсынысқа сәйкес, “Отбасы банк” депозиттерінде бір­жолғы зейнетақы төлемдері қаражатын жинақтау мерзімі 3 жылдан 8 жылға дейін ұл­ғайтылмақ.

Осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша еліміздегі 135 мыңға жуық азамат өз қаражатын біржолғы зейнетақы төлемдері­нен “Отбасы банк” АҚ депозиттеріне аударған және осы уақытқа дейін ипотека­лық тұрғын үй қарыздарын ресім­деген жоқ.

“Отбасы банк” АҚ ақпараты бойынша тұрғын үй заемын алу үшін қажетті бастапқы жарнаны жинақтаудың орташа мерзімі алты жылды құрайды. Осыған байланысты, министрлік азамат­тар­дың тұрғын үй жағ­дай­ларын жақсарту мақсатында “Отбасы банк” АҚ депозиттерінде БЖТ қа­ражатын жинақтау мерзімін 3 жылдан 8 жылға дейін ұлғайтуды ұсы­­нады. Сонымен қатар ерлізайып­ты­лар­ға “Отбасы банкі” АҚ депо­зиттерін бір-біріне БЖТ қа­ра­жа­тымен толықтыруға мүмкін­дік беру ұсынылады.

“Отбасы банк” АҚ-мен тұрғын үй құрылысы жинағы туралы шарт бұзылған кезде БЖТ-мен толықтырылған сома алушының арнайы шотына қай­та­рылады. Ол 20 жұмыс күні ішін­де осы қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана ала­ды немесе біржолғы зейнетақы тө­лемдерін пайдалану қағидала­рына сәйкес емделу мақсатында қолдануға құқылы.

Тұрғын үй жағдайларын жақ­сарту үшін біржолғы зей­нетақы төлемдерін пайда­лану­дың қолданыстағы ереже­ле­ріне жоспар­ланған түзетулер НҚА ашық деректер порталында тал­қы­ланып жатыр. Барлық ескерту мен ұсы­ныс қа­был­данғаннан кейін бұй­рық жобасы мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі. Келісу үдерісі шамамен екі айға созылады.

Айта кетейік, біржолғы зейнет­ақы төлемдеріне арналған ар­найы шот – тұрғын үй жағдайла­рын жақсарту және ем­делуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін есептеу үшін алушы ашатын ағымдағы банктік шот.

БЖЗҚ-дағы қаражаттың ар­тылған сомасын шешіп алу мүм­кіндігі 2021 жылдың қаңтарынан бастап берілді. Азаматтар жеткі­лікті шектен асқан соманы үш мақ­сатқа жұмсай алады – тұрғын үй жағдайын жақсарту, емдеу ақы­сын төлеу және инвес­ти­циялық компаниялардың басқаруына беру. Бірақ сол жыл­дың желтоқ­са­нында жеткілік­ті­лік шегі жоға­рылап ке­тіп, көп адам бұл мүмкіндікті пайдаланудан қағылды. Одан кейін шектен асатын соманы “Отбасы банктегі” депозитке аударуға рұқ­сат етілді.

2021 жылдан бері зейнетақы қорынан алынған 3,3 трлн. теңге тұрғын үй сатып алуға жұм­сал­ған. Жалпы 1,4 млн. өті­нім бе­ріл­ген.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp