«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сот талабын орындамаған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тайынша ауданының әкімі­нен мемлекет есебіне 74 мың тең­геге жуық қаражат өндіріліп алынды.

Облыстық сот мәлім еткен­дей, ер адам маманданды­рылған ауданаралық әкімшілік сотына Тайынша ауданы әкімді­гінің хаттамалық шешімінің күшін жою туралы талап арыз берген. Әкімшілік істі қарау кезінде сот жауапкерге 3 қаңтарға дейін осы орган басшысының уәжделген ұстанымын көрсетіп, талап арыз­ға жазбаша жауап беруді мін­деттеді. Сондай-ақ бұл талапты орындамаған жағдайда жауапкерге оның құқықтық салдары ту­ралы, атап айтқанда сот талабын орындамағаны үшін сот 20 айлық есептік көрсеткіш мөлше­рінде ақшалай өндіріп алуға құқылы екендігі түсіндірілді.

Алайда Тайынша ауданы­ның әкімі талап арыз бойынша жауап бермеген. Осыған орай сот Та­йын­ша ауданының әкіміне ақша­лай өндіріп алуды қолдану туралы мәселені талқыға шы­ғарды.

Сот талаптарын, яғни сот ак­ті­сін орындамау фактілері анық­талған кезде соттың ақшалай өн­діріп алуды салу құқығы сот билігінің дербестігі мен тәуелсіздігі қағидасынан туындайды және сот төрелігін жүзеге асыру үшін қажетті дискрециялық өкілет­тіктерінің бір көрінісі. Ақшалай өндіріп алуды қолдану заң мен сотқа құрметпен қарауды қалыптастыруға да ықпал етеді. Аудан әкімі сотқа талап арызға пікірді және уәжделген ұстанымын бел­гіленген мерзімде ұсынбауының дәлелді себептерін түсіндіре ал­мады. Сот ұйғарымымен Тайынша ауданының әкіміне жаза қол­данылып, республикалық бюджет кірісіне қаражат өндіріліп алынды. Ақшалай өндіріп алудың ерекшелігі – бұл жаза қолданылған тұлғалар оны өз есе­бінен бюджет кірісіне төлейді. Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp