«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үсік шалғандар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде жыл басынан бері 45 адамды үсік шалса, оның 9-ы дәрігерлерге өткен аптада қаралған.

Облыста қыс қайта қаһа­ры­на мініп, аяздың бет қаратпай тұрғанына бір аптаға жуықтады. Ескерту бе­ріл­генімен, сақтан­бай, үсікке ұры­нып, дәрігерлер­дің көмегі қа­жет болған сырқат­тар саны арт­қан. Мамандардың айтуын­ша, далада ұзақ жүру, ауа райына сай киінбеу, суықты елемеу, кей­де тіпті спирттік ішім­діктердің әсе­рі үсік шалуға әкеліп соқтырады. Мәсе­лен, Мамлют ауданының орта­лы­ғы – Мамлютка қаласында 62 жаста­ғы ер адам мас күйде ұйықтап қа­лып, оны үсік шалған. Оны тәр­тіп сақшылары жаяу пат­рульдеу барысында екі пәтерлі үй­ді тек­серу кезінде тауып ал­ған. Сен­біден жексенбіге қара­ған түні маскүнем ретінде есеп­те тұрған ер адамды полиция қызметкер­лері тексермек бо­лып, үйіне барады. Пеші жағыл­маған үйде бүрісіп жатқан оған де­реу “Же­дел жәрдем” шақырыл­ды. Дәрі­герлер ер адамның аяқ-қо­лы­ның үсігенін анықтады.

“Жаяу патрульдеу күн сайын жүргізіледі. Тәртіп сақшылары есепке алынған тұрғындарды – алкогольді ішімдікті қолданып, үсіп қалу қаупі бар адамдарды, сон­дай-ақ жалғыз тұратын зей­нет­керлер мен қиын өмір жағ­дайындағы отбасыларды тек­се­реді. Бұл жұмыс құқықтық тәр­тіпті сақ­тау және адамдардың қауіп­сіздігін нығайту үшін жүргі­зі­ліп жатыр”, – дейді аудандық по­ли­ция бөлімінің бастығы Петр Климов.

Петропавл қалалық көпса­ла­лы жедел медициналық жәр­дем ауруханасы баспасөз қыз­метінің мәліметінше, көшеде жа­рақат алушылар саны да азай­май отыр. Тәулігіне орта есеп­пен 50-60 адам медициналық көмекке жүгінеді.

“Жарақат бөлімінде оларға барлық тиісті ем-дом беріледі. Ал жалпы жыл басынан бері же­дел медициналық жәрдем ауру­ханасына жарақат алған 1304 адам келіп, қаралған”, – дейді ау­рухананың баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp