«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Таңбалау мерзімі ұзартылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Индустрия және құрылыс ми­нистрінің бұйрығымен аяқ киім өнімдерін таңбалау және қада­ғалау қағидаларына тиісті өзге­рістер енгізілді.

“Аяқ киім бұйымдарын ай­налымға енгізу оларға сәйкес­тендіру құралдарын қолдану және сәйкестендіру құралда­рымен аяқ киім бұйымдарының таңбалануы, олардың Қазақ­стан Республикасының аума­ғында айналысы және айналыс­тан алынуы туралы ақпаратты тауарларды таңбалау және қа­дағалаудың ақпараттық жүйесі­не беру арқылы жүзеге асыры­лады.

Сәйкестендіру құралдары­мен таңбаланбаған аяқ киім бұ­йымдарының қалдықтарын ай­налысқа шығаруға және айна­лыстан алуға жол берілмейді. Қазақстан Республикасының ау­мағында сатылатын аяқ киім бұйымдарының қалдықтарын таңбалау 2024 жылғы 1 маусым­ға дейін жүзеге асырылады.

Сонымен қатар 2024 жылғы 1 маусымға дейін аяқ киім бұйымдарының тұтынушылық қаптамасына немесе аяқ киім бұйымдарының тауарлық жап­сырмаларына тауарларды таң­балауға, сәйкестендіру құрал­да­рын қолдануға олар ішкі тұты­ну үшін шығару немесе қайта им­порттау рәсіміне орналасты­рылғаннан кейін рұқсат етіледі”, – делінген бұйрықта.

Қағидалар сондай-ақ сәй­кестендіру туралы ақпаратты сканерлеу, қолмен енгізу неме­се жүктеу арқылы тауарларды таңбалау және қадағалаудың ақпараттық жүйесі тауарлардың экспорты туралы ақпаратты бе­ру мақсатында қалыптасты­ры­латын электрондық құжат – “аяқ киім тауарларының экспорты туралы хабарлама” жаңа тұжы­рымдамасымен толықтырыл­ды. Қазақстан Республикасы­нан тауарларды жөнелтетін та­уар айналымына қатысушы Қа­зақстан Республикасының ау­ма­ғынан ЕАЭО-ға мүше мем­лекеттің аумағына таңбаланған тауарларды нақты трансшека­ра­лық өткізу басталғанға дейін тауарларды таңбалау және қа­дағалаудың ақпараттық жүйесі хабарлама жібереді. Түзетулер аяқ киім өнімдерінің айналы­мына қатысушылар толтыруы тиіс бірқатар нысандарды жа­ңартты. Бұйрық 2024 жылғы 27 ақпанда күшіне енеді.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp