«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мектеп мақтанышы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде білімге талпынған жасқа барлық жол ашық. Биылғы оқу жылында ауыл мектептерінің дарынды балаларына арналып ұйымдастырылған олимпиада соны аңғартты. Бұл олимпиада талай ауыл шәкірттерінің жұлдызын жандырған білім бәсекесі болды.

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен олимпиадаға еліміздегі ауыл мектептерінің дарынды да талантты 1088 баласы қатысты. Олардың арасында Уәлиханов ауданы Көбенсай орта мектебінің оқушылары да бар. 11-сынып оқушысы Дәрия Солтанбек олимпиаданың аудандық, облыстық кезеңдерінен сүрінбей өтіп, республикалық кезеңінде 1-орын алып мектеп, аудан, облыс мәртебесін асқақтатты. Ағылшын тілі пәні бойынша биіктен көрінген Дәрия Астана Халықаралық Университетінің білім грантын жеңіп алды. Сонымен қатар бағалы сыйлықпен марапатталды.

“Ұстазы жақсының ұстамы жақсы”, – деп дана халқымыз айтқандай, шәкіртінің жұлдызын жағып, биік белестерден көрінуіне ықпал еткен жетекшісі – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дина Мұхамеджанованың да еңбегі зор. Оның алдын көрген шәкірттері Абай атамыз айтқандай өмірден өз орнын тауып “кірпіші болып қаланатынына” сеніміміз мол.

Гүлден МҰХАМЕДЯРОВА,

Көбенсай орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp