«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балуандар бабында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астанада белбеу күресінен ел біріншілігі өтті. Жарысқа өңіріміздің балуандары қатысып, үш жүлделі орынға қол жеткізді.

Биылғы чемпионатта үш бір­дей жерлесіміз қанжығала­рын майлап қайтты. Ерлер ара­сында 57 килограмм салмақ дәрежесінде Тобыл Қорған­баев финалда қарсыласына жол беріп, күміс медальды қа­на­ғат тұтты. 68 килограмда Рахат Амангелдин де ақтық сында ғана жеңіліп, екінші орын­ды ен­шіледі. Енді спорт­шылар биыл Моңғолияда өте­тін әлем чемпионатында ел на­мысын қорғамақ.

Қыздар қатарында белдес­кен Кристина Артюхова ел біріншілігінде қола медальға қол жеткізді. Жерлесіміз үшін ке­лер сын Азия чемпионаты бол­мақ. Белбеу күресінен облыс командасының аға жат­тықты­ру­шысы Уәлихан Дәу­ренбе­ков­тің айтуынша, жарыс ал­дағы халықаралық сайыс­тарға қатысуға мүмкіндік берді.

– Ел чемпионатында жүл­дегер атану қиын. Дегенмен шәкірттерім барлық тапсыр­маларды орындап, екінші және үшінші орындарды иеленді. Алдағы уақытта әлем және Азия біріншіліктерінде топ жа­ру­ға тырысамыз, – дейді Уәли­хан Дәуренбеков.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp