Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер іздеуде жүрген 11 қылмыскерді анықтады.
Өткен жылдың қазан айында Петропавлдағы көлік жөндеу шеберханаларының бірінің қызметкері белгісіз адамның шабуылына ұшыраған. Қаскүнем жәбірленушіні ұрып-соғып, одан 51 мың теңге қаражатты күштеп алып кеткен. Қалалық полиция басқармасы екінші полиция бөлімінің қызметкерлері өңір аумағынан шығып кеткен, осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын бірнеше рет сотталған Рудный қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтады. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.
“Qyzyljarnews.kz”.