Елімізде “ZHAS PROJECT” шағын гранттар конкурсы басталмақ. Оның аясында NEET санатындағы немесе уақытша жұмыссыз қыз-жігіттер мемлекеттен қайтарымсыз негізде ақша алып, жобаларын жүзеге асыра алады.
“ZHAS PROJECT” – елімізде дәстүрлі түрде жүзеге асырылып жатқан жоба. Былтыр бұл бастаманың игілігін көрген 18 бен 35 жас аралығындағы жастар ойындағы жобаларын бастапты. Биыл еліміз бойынша 280 грант ұсынылады, оларды тек озық жобалары барлар ғана иеленеді. “ZHAS PROJECT” жобасының жетекшісі Шыңғысхан Қожахметовтің айтуынша, наурыз айының соңында құжаттарды қабылдау басталып, ол бір айға созылады. Өңірімізге 8 грант берілмек. Шағын гранттардың көлемі – 1 млн теңге. Жобаларды іске асыру мерзімі 4 айды құрайды.
Ел көлеміндегі байқау көктемнің соңғы айына дейін жалғасады. Жоспар бойынша жеңімпаздардың есімі 15 мамырда жария етілмек.
Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.