«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Іскер жастарға – 1 миллион теңге

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде “ZHAS PROJECT” ша­ғын гранттар конкурсы бастал­мақ. Оның аясында NEET сана­тын­дағы немесе уақытша жұмыс­сыз қыз-жігіттер мемлекеттен қай­тарымсыз негізде ақша алып, жо­баларын жүзеге асыра алады.

“ZHAS PROJECT” – елімізде дәс­түрлі түрде жүзеге асырылып жат­қан жоба. Былтыр бұл баста­маның игілігін көрген 18 бен 35 жас аралы­ғындағы жастар ойын­дағы жоба­ла­рын бастапты. Биыл еліміз бойын­ша 280 грант ұсыны­лады, оларды тек озық жобалары барлар ғана ие­ленеді. “ZHAS PROJECT” жобасы­ның жетекшісі Шыңғысхан Қожах­метовтің ай­туынша, наурыз айының соңын­да құжаттарды қабылдау баста­лып, ол бір айға созылады. Өңірі­мізге 8 грант бе­рілмек. Шағын гранттардың көлемі – 1 млн тең­ге. Жобаларды іске асы­ру мер­зімі 4 айды құрайды.

Ел көлеміндегі байқау көктем­нің соңғы айына дейін жалғаса­ды. Жоспар бойынша жеңімпаз­дар­дың есімі 15 мамырда жария етілмек.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp