«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аурудың ауылы алыс, дегенмен сақтық шараларын естен шығаруға болмайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2021 жылы жануар­лар үшін аса қауіпті және жағрапиялық қамты­луы жағынан кең та­рал­ған артидактилді же­дел вирустық кесел бо­лып табы­латын ау­сыл­­дың “O” түрінің ше­каралас Ре­сейдің Орын­бор облысында тір­ке­луі жағдайды қатты ушықтыр­маса да, мал өнімдері бойынша экс­порт­тық әлеуетті қыс­қарту сияқты бірқатар шектеулер қо­йылған болатын.

Мұндай оғаш оқиға 2022 жылы Қарағанды об­лысы Шет ауданы Киікті ауыл­дық округінде орын алып, фер­мер­лік шаруа­шылық аумағында карантин жа­рияланды. Инфек­ция ошағын жою жөнінде жедел штаб құры­лып, ветеринарлық-ка­рантиндік іс-шаралардың ке­шен­ді жоспа­ры жасалды. Же­дел әрекет­тер­дің нәтижесінде эпи­зоотиялық ахуал қатаң бақы­лауда ұсталы­нып, белгіленген тәртіппен жү­зеге асырылды. Осындайда “сақ­тансаң, сақтай­ды” деген тәм­сіл еске түседі. Ба­баларымыз “қамданған қапы қал­майды”, – деп текке айтпа­ған. Алдын алу, дер кезінде ең­серу арқылы кез келген мәселе­нің оң­тайлы ше­шімін табуға бо­ла­ты­нын өмірлік тәжірибеден жақсы білеміз. Десек те жұртшы­лық ветерина­рия­ның жануар­лар­дың аурула­ры мен азықтан улануын зерде­леу, емдеу, жою, басқа мемле­кеттерден жұқпалы және экзоти­калық кеселдердің ке­луіне тос­қауыл қою, таралуын бол­дыр­мау, қауіпсіздік құралда­ры мен әдістерін әзірлеу, мем­лекеттік ветеринарлық-санитарлық ба­қы­лау және қадағалау обьектіле­рі­нің заңнама талап­тарына сәйкес келуін қамта­ма­сыз ету сияқты негізгі міндет­терінен де хабардар болуы еш артықтық етпейді. Өйткені, са­ланың негізгі бағыты адамдар мен жануар­ларды ортақ аурулар­дан қорғау болғанымен, кейбі­реулер аса қауіпті кеселдердің әрдайым клиникалық көрініске ие бола бермейтінін сезінбеуі мүмкін. Мәселен, эхинококкоз, цисти­цер­коз, финноз сияқты паразит­тік ауруларды, тубер­кулезді анықтау малдың ішкі ағ­заларын ветеринарлық тексеру­ден өткізу арқылы ғана мүмкін.

Жеке және заңды тұлғалар үшін мал союды жүргізуге мін­дет­тейтін заңнамалық норма­лар енгізілген, өкінішке қарай, бұл талаптар әркез орындала бер­мейді. Атап айтсақ, ауру мал­дың өлекселерін итке болмаса дала­ға лақтырып тастайтын фак­ті­лер аз ұшыраспайды. Ауыл ша­руашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру туралы қа­ғидаларында малды союдың тәртібі мен шарттары қарасты­рыл­ған. Яғни сою алдында вете­ринарлық тексеру және вете­ринарлық-санитарлық сарап­тама жасау міндетті. Және де ет сатылымға түскен кезде вете­ринарлық куәландырылуы тиіс. Мұндай қадамдар аса қауіпті аурулардың жұқтыру тәуекелде­рін барынша азайтуға мүмкіндік берері сөзсіз. 2021 жылы Архан­гельск және Новокаменка ауыл­дарында – құтыру, 2022 жылы Надежка және Шаховское ауыл­дарында ірі қара малдың бру­целлезі бойынша инфекция ошақтары оқшауланып, одан әрі өршуіне жол берілмеді. Қазір жағ­дай тұрақты.

Жұқпалы және жұқпалы емес кеселдермен күресудің тиімді шараларының бірі – алдын алу, уақытылы диагноз қою. 2022 жылы аусылға қарсы ірі қара малға 73127, былтыр 69 мың вакцина егілді. Мәліметтер “Ауыл шаруашылығы жануарла­рын бірдейлендіру” ақпараттық жүйесіне енгізілді. Деректер осында сақталып, ветеринар­лық анықтама беруде пайдала­ны­лады. Бұдан бөлек, жан­уар­лар иммунитеттің қарқынды­лығына да тексеріледі. Былтыр ірі қара аусылға қарсы иммуни­теттің 89,6 қой-ешкі 85 пайызын көрсетті. Бұл істерге мекеменің 40 тәжірибелі ма­маны тартыл­ған. Ұйымдастыру жұмыстары­на ауылдық округ әкімдері де жәрдемдеседі. Ве­теринарлық стансаның мате­риалдық-техникалық жарақтан­дырылуы талап­қа сай. Әрбір округ қызметтік кө­лікпен, ар­найы құрал-жабдықтармен қам­тамасыз етілген. Түрлі аурулар­д­ың пайда болуы­на жол бермеу мақсатында ау­дан аумағына мал әкелу және әке­ту қозғалы­сына қатаң бақы­лау жүргізіледі. Ол үшін тасы­малдау алдында, межелі жерге жеткен кезінде мін­детті вете­ринарлық тексеру­ден өткізіледі. Қа­жет деп табылса, көлік құрал­дары зарарсыздан­дырылады. Инкубациялық ке­зең жиырма күнге дейін созыла­тын аусыл­дың белгілерін байқау қиын емес. Оны жұқтырған мал­дың ауыз қуысы мен мұрынның шырышты қабаттарында, желін­де, тұяқтарында, теріде сұйық­тықты көпіршектер, шырышты қабаттар пайда болады.

Көптеген жұқпалы аурулар сияқты, аусылмен күресудің бір­ден-бір емі – алдын алу. Ең алдымен, ветеринария сала­сын­дағы қолданыстағы заңна­маға сәйкес, барлық ауыл ша­руашылығы жануарлары “ауыл шаруашылығы жануарларын бір­дейлендіру”ақпараттық жүйе­сінде ветеринарлық есепке алынады. Жануарларды есепке алуды неғұрлым тиімді және жедел жүргізу үшін “TortTulik” мобильдік қосымшасы әзірле­ніп, ол арқылы мал иесі жануар­лар туралы қосымша деректер енгізе алады. Мобильді қосым­шаның жұмысы туралы толық ақпарат аудандық ветеринар­лық стансасының ресми сай­тында орналастырылған.

2022 жылдан бастап қой, ешкі, ірі қара және шошқаларды вакцинациялау арқылы аусыл­дың алдын алу жұмыстары жүйе­лі түрде жүргізіліп келеді. Профилактикалық иммундау­мен барлық шаруа, фермер қо­жалықтары мен жеке аулалар қам­тылған. Мамандар жануар­ларды үш айдан бастап вакци­на­циялауға жататынын үнемі айтып отырады. Бұл үрдіс 6 ай сайын қайталанады. Жасыра­ты­ны жоқ, кей азаматтардың шаруашылықтарына бірнеше рет барып, вакцинация жүргізуге мәжбүрміз. Әңгіме тағы да жа­уапкершілікке келіп тіреледі. Мұ­ны “TortTulik” мобильді қосым­ша­сы арқылы да реттеуге бола­тынын біле тұра, сөзбұйдалыққа салып, созып жібереді. Тіпті эпи­зоотиялық қатерлі ошақ аумағы­нан кез келген шикізат өнімдерін алып шығуға болмайтынын да ескере бермейтіні өкінішті. Ту­бер­кулезді диагностикалау жы­лына екі рет атқарылады. 2021 бруцеллезге оң реакциясы бар 176 бас, 2022 жылы 40 бас анық­талды. Кесел көрсеткішінің тө­мендеуі диагностикалық зерт­теулердің нәтижесі дер едік. Соң­ғы жылдары ауданда туберку­лез тіркелген жоқ.

Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігі мен АӨК-гі экономика­лық саясатты талдау орталығы бірлесіп әзірлеген “TortTulik” мо­бильді қосымшасының жануар­лардың базасын кеңейтуге, әр­кімнің өз малын түгендеуге, про­филактикалық шараларды уа­қытылы жүргізуге ықпалы мол. Қолданбалы смартфон арқылы ветеринарлық құжатты рәсім­деп, малды есептен шығара алады. Заң ережелеріне сәйкес, барлық меншік нысандарының иелері ұстайтын үй мысықтары мен иттер де есепке алынып, деректер “TANBA” ақпараттық жүйесіне кіргізілген. Маман­да­рымыз Боголюбово елді меке­ніне барып, аз қамтылған отба­сы­ларға тегін қызмет көрсетті. Үй жануарларына жеке сәйкес­тен­діру нөмірі берілді. Чип ар­қылы шетелге де емін-еркін алып шығуға болады. Чиптен бас тартса, айыппұл салынады. Оны айтып отырғаным, көше­лерде бұралқы иттің көптігі, бұл – өте өткір мәселенің бірі. Олар кез келген уақытта адам өміріне қауіп төндіруі ықтимал. Жас балаларға кезіксе, оның ақыры ауыр зардаптарға соқтыруы кә­дік. Үй жануарларын ұстау және серуендету талаптары да толық сақтала бермейді. Оны бұзу­шыларға әкімшілік жауапкерші­лік көзделген.

Мал шаруашылығы сала­сын­да биологиялық қалдықтар­дың болуы қалыпты құбылыс де­сек те, кәдеге жаратылуы қан­дай деңгейде деген сауал да ой­ландырады. Оны жою қағида­ла­ры Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінің бұйрығымен рег­ламенттелген, ауылдық округ­тер­де мал қорымдары бар. Он­да биологиялық қалдықтар ор­наластырылғанда ветеринар ма­мандарға хабарлау міндетті. Өз бетінше әрекет жасауға ешкім­нің құқы жоқ. Жем қалдықтары биологиялық, химиялық, физи­калық жолдармен зарарсыздан­дырылады. Ал құтыру белгілері білінгенде тұрғылықты жердегі ветеринарлық мекемеге әкелу қажет.

Былтыр қытайлық мамандар ветеринарлық қызметке аудит жүргізу үшін Қазақстанда, оның ішінде ауданның ветеринарлық стансасында болды. Зертха­наларды, сою цехтарын, кәсіп­орындарды аралады. Жергілік­ті тәжірибелермен танысты. Еу­разиялық экономикалық комис­сия және Дүниежүзілік жан­уарлар денсаулығы ұйымының өңірлік өкілдігі бірлескен қызмет жөніндегі бағдарлама шеңбе­рінде Мәскеуде аусыл және кү­йіс қайыратын ұсақ жануарлар­дың оба ауруы мәселелері бо­йынша семинар өткізді. Онда эпозоотиялық ахуалға баға бе­ріліп, аурулардың алдын алу те­тіктері белгіленді. Өте сирек кез­десетін SAT-2 серотипінің аусыл вирусының ЕАЭО аумағына ену қаупінің өте жоғары ықтимал­дылығы, жаңа вакцина жасау қа­жеттігі айтылды. Осындай екі­жақты іссапарлар мен кезде­сулердің пайдасы ұшан-теңіз. Шетелдік және отандық сарап­шылар ветеринарлық қызметтің жақсы және әлсіз жақтарын тал­қылап, жетілдірудің нақты ұсы­ныстарын ортаға салып отыра­ды. Жеке және заңды тұлғалар “Ве­теринария туралы” Заңда ай­қындалған жануарлар аурула­рының алдын алу жөніндегі диа­го­ностикалық және профилак­тикалық ветеринарлық шара­ларды басшылыққа алулары ке­рек. Кесел жайлы ветеринарлық қызметке хабарлау, арнайы ма­манның бақылауымен малды сою, құжаттарды түгендеу, уа­қы­тылы есепке қою талаптары сақталса, аса қауіпті аурулар­дың өршуіне жол берілмесі анық.

Ербол БАГЕНОВ,

Аудандық ветеринария станциясының директоры.

Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp