«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еңбек Ерін еске алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінде “Еңбек Ері – Геннадий Иванович Зенченко” атты “дөңгелек үстел” отырысы ұйымдастырылды. Игілікті іс-шараға атақты аграрийдің көзін көргендер мен студенттер жиналды. Аудандық архивтердің директорлары онлайн режімде қатысты.

– Бар ғұмырын агросекторға арнаған Геннадий Зенченко қарапайым механизатордан Қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдастырушысы дейінгі жолдан өтті. Біз бүгін архив қорында сақталған Г.Зенченконың өміріне қатысты құжаттарды жиналғандар назарына ұсынып отырмыз. Әкесі – Иван Емельяновичтің суреті мен жеке құжаты табылды, – деді облыстық мемлекеттік архив директоры Сәуле Мәлікова.

“Еліміздің гүлденуі жолында аянбай тер төгейік” деген өмірлік ұстаныммен ғұмыр кешкен аграрий туралы ұлы, “Зенченко және К” серіктестігінің директоры Геннадий Геннадьевич тебірене сөз сөйлесе, Новоникольск ауылдық округінің әкімі Елена Захарова Г.Зенченконың ауыл шаруашылығы саласындағы қызметі туралы баяндады.

Геннадий Зенченко – Шал ақын ауданының тумасы. Петропавл ауыл шаруашылығы техникумын аяқтаған жас маман еңбек жолын 60-шы жылдардың басында қарапайым механизатордан бастаған. Кейін ұста, инженер болып қызмет еткен. Ал 1976-шы жылы бұрынғы “Новоникольский” кеңшарының, қазіргі “Зенченко және К” командиттік серіктестігінің негізін қалайды.

Көрме сөресіне Қазақстанның Еңбек Ері, атақты аграрий Геннадий Зенченконың өмірінен сыр шертетін фотоқұжаттар, мұрағаттық құжаттар, газет мақалалары, өзі жазған кітаптар, мәслихаттың облыстың құрметті азаматы атағын беру туралы шешімі қойылған.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp