«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заманауи иллюстрация

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың дизайнері Евгения Боргуль, “Құ­­рыл­ыс және дизайн” кафед­ра­сының аға оқытушылары Юлия Попова мен Ирина Шаш­ки­на бейнелеу өнері туынды­сы­на авторлық құқық куәлігін алды.

Суретшілер қазақ халық ерте­гілеріне иллюстрациялар дайында­ды. Олар танымал ертегі кейіп­кер­лерінің дизайнын заманауи талап­тарға сәйкес қайта жобалады.

– Қазақ халық ертегілері – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан саласының бірі. Халық ертегілері өскелең ұрпақты адалдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді. Заманауи түрде жасалған жаңа дизайн мен суреттер жастардың әдебиетке де­ген қызығушылығын оятады. Кітап­тар үшін анимациясы бар цифрлық формат қарастырылған. Бұл план­шет пен ұялы телефон арқылы кө­ру­ге мүмкіндік береді, – дейді Юлия Попова.

Авторлар жаңа дизайн кітап­тарға бірегейлік беріп, оқырмандар қазақ халық ертегілерін жаңаша қа­былдайды деген сенімде. Мұндай патентті университет қызметкер­лері алғаш рет алып отыр.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp