«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Театр апталығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қай өнер саласының болма­сын өркендеуіне әсер ететін ең үл­кен күш – сын. Сын әлсіре­се өнер құлдырайды. Сыншылар өнер­ді тура жолға бағыттап, ұсақ­талудан, әлдебір ағым­­дар мен бағыттардың жетегінде ке­ту­ден сақтайды. Сол сияқты тек­ті өнер – театр­дың да өз сыны бар. Жуырда аталған саланың ма­мандары С.Мұқанов атында­ғы облыс­тық қазақ сазды-драма теат­рына жиналып, жергілікті әртістердің өнерін сүзгіден өткізді.

Театр апталығына өнертану ғылымдарының кандидаты Сә­ния Қабдиева, өнертану ғылым­дарының кандидаты, театрта­ну­шы Айсұлу Сагитова, ГИТИС өнер институтының курс жетек­шісі Екатерина Морозова келді. Олар бір апта бойы “12 минут”, “Кукарача”, “Жындының жазба­лары”, “Шолпанның күнәсі” қойы­лымдарын тамашалап, тал­дайтын болады. Сонымен қатар театр актерлеріне арнап шеберлік сағаттарын өткізу жоспарланған.

– С.Мұқанов атындағы об­лыс­тық қазақ сазды-драма театры – жас өнер ордаларының бірі. Бұл ұжымға сыншы­лардың келуін мәдениет ошағы­ның алға қарай бір қадам жасап, дамуға деген ұмтылысы деп бі­лемін. Қазақстандық режиссер Әлібек Өмірбекұлының шығар­ма­шылығымен жақсы таныс­пын. Оның “12 минут” шығарма­сын көруге асықпын. Бұл А.Че­ховтың “Шағала” пьесасының негізінде әзірленгенімен, режис­сер сол арқылы ұлт тарихына терең бойлағысы келген. Соны­мен қатар “Шолпанның күнәсі” қойылымын да сахнадан алғаш көретін боламын, – дейді Сәния Қабдиева.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp