«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Экономикалық өсім тұрақты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биылғы қаңтар айы бойын­ша облысымыздың экономика­лық дамуы­ның қысқаша қоры­тын­ды­лары белгілі болды. Тұр­ғын үй енгізу кө­лемі – 36,7, бөл­шек сауда 0,7 пайызға өсті. Не­гізгі капиталға құйылған инвес­ти­циялар көлемі – 13,9 млрд. теңге. Шаруашылық жүргізетін субъек­ті­лердің меншікті қара­жаты 72,5 пайызға жетіп, ол негізгі капиталға салынған ин­вести­цияларды қар­жыланды­рудың тетігі саналып отыр.

Негізгі капиталға құйылған ин­вестицияларды игеру бойын­ша ба­сым салалар – өнеркәсіп (42,8 пайыз), ауыл, орман және балық ша­руашылығы (38,9 па­йыз), кө­лік және қоймалау (9 па­йыз), жыл­жымайтын мүлікке қатысты жа­са­латын операциялар (3,2 пайыз).

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 14,2 млрд. тең­геге жуықтады. Мал мен құстың барлық түрлері бойынша 7,2 мың тонна ет өткізілді, 18,8 мың тонна сүт сауылды, 42 млн. да­на тауық жұмыртқасы алынды.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 40,5 млрд. теңге болды. Кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс кө­лемі – 1,2 млрд., өңдеу өнеркә­сібінде – 30,2 млрд., электр энер­гиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны конди­ция­лаумен жабдықтауда – 7,8 млрд., сумен жабдықтау, қал­дық­тарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтерде 1,3 млрд. теңге.

Тамақ өнімдері өндірісінің индексі өткен жылғы кезең дең­гейімен шамалас. Таратып айт­сақ, ірімшік және сүзбе өндірі­сі – 1,6 есе, үй құсының еті – 45,7, та­зартылмаған өсімдік майы – 41,8, ауыл шаруашылығы мал­да­­­рына дайын азық – 39,4, ет жә­не тағамдық қосымша өнім­дер (құс етін санамағанда) – 18,1, сары май – 15,4, жаңа піс­кен нан өн­дірісі – 11,5 пайызға артты.

Құрылыс жұмыстарының кө­лемі 1,2 млрд. теңгеге орындал­ды. Жоғары үлес тұрғын емес ғимараттар құрылысына тиесілі. 19 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінде 13-і – тұр­ғын, 6-ы – тұрғын емес мақ­сат­тағы ғимараттар.

Пайдалануға берілген тұр­ғын үйлердің жалпы ауданы – 2,6 мың шаршы метр. 1 шаршы метр пайдалы алаңға жұмсал­ған орташа нақты шығын – 148,6 мың теңге (2023 жылғы қаңтар­да – 113,3 мың теңге).

Бөлшек сауда көлемі 21,4 млрд. теңге болды. Оның жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарла­рының үлесі – 39,2, азық-түлік емес тауарлар – 60,8 пайыз. Кө­терме сауда көлемі 25,6 млрд. теңгеге жетті. Оның құрылы­мын­­да азық-түлік емес тауар­лар жә­не өндірістік-техникалық мәндегі өнімдер басым (84 пайыз).

Алдын ала деректер бойын­ша 2023 жылғы қаңтар-желтоқ­санда ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 638,4 млн. АҚШ долларына жуықтады, 2022 жыл­ғы сәйкес кезеңмен салыс­тырғанда бұл көрсеткіш 8,7 пайызға артық, Экспорт–134,5 млн. АҚШ доллары (20,2 пайыз­ға көп), импорт – 503,9 млн. АҚШ доллары (6 пайызға артық). Та­уар айналымының жалпы көр­сет­кіші бойынша Ресей – 97,8, Беларусь – 1,7, Қырғызстан – 0,3, Армения – 0.2 пайыз.

Әлия АРҒЫМБАЕВА,

Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің бас маманы-баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp