Биылғы қаңтар айы бойынша облысымыздың экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары белгілі болды. Тұрғын үй енгізу көлемі – 36,7, бөлшек сауда 0,7 пайызға өсті. Негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі – 13,9 млрд. теңге. Шаруашылық жүргізетін субъектілердің меншікті қаражаты 72,5 пайызға жетіп, ол негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың тетігі саналып отыр.
Негізгі капиталға құйылған инвестицияларды игеру бойынша басым салалар – өнеркәсіп (42,8 пайыз), ауыл, орман және балық шаруашылығы (38,9 пайыз), көлік және қоймалау (9 пайыз), жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын операциялар (3,2 пайыз).
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 14,2 млрд. теңгеге жуықтады. Мал мен құстың барлық түрлері бойынша 7,2 мың тонна ет өткізілді, 18,8 мың тонна сүт сауылды, 42 млн. дана тауық жұмыртқасы алынды.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 40,5 млрд. теңге болды. Кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 1,2 млрд., өңдеу өнеркәсібінде – 30,2 млрд., электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 7,8 млрд., сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтерде 1,3 млрд. теңге.
Тамақ өнімдері өндірісінің индексі өткен жылғы кезең деңгейімен шамалас. Таратып айтсақ, ірімшік және сүзбе өндірісі – 1,6 есе, үй құсының еті – 45,7, тазартылмаған өсімдік майы – 41,8, ауыл шаруашылығы малдарына дайын азық – 39,4, ет және тағамдық қосымша өнімдер (құс етін санамағанда) – 18,1, сары май – 15,4, жаңа піскен нан өндірісі – 11,5 пайызға артты.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,2 млрд. теңгеге орындалды. Жоғары үлес тұрғын емес ғимараттар құрылысына тиесілі. 19 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінде 13-і – тұрғын, 6-ы – тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 2,6 мың шаршы метр. 1 шаршы метр пайдалы алаңға жұмсалған орташа нақты шығын – 148,6 мың теңге (2023 жылғы қаңтарда – 113,3 мың теңге).
Бөлшек сауда көлемі 21,4 млрд. теңге болды. Оның жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі – 39,2, азық-түлік емес тауарлар – 60,8 пайыз. Көтерме сауда көлемі 25,6 млрд. теңгеге жетті. Оның құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мәндегі өнімдер басым (84 пайыз).
Алдын ала деректер бойынша 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 638,4 млн. АҚШ долларына жуықтады, 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8,7 пайызға артық, Экспорт–134,5 млн. АҚШ доллары (20,2 пайызға көп), импорт – 503,9 млн. АҚШ доллары (6 пайызға артық). Тауар айналымының жалпы көрсеткіші бойынша Ресей – 97,8, Беларусь – 1,7, Қырғызстан – 0,3, Армения – 0.2 пайыз.
Әлия АРҒЫМБАЕВА,
Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің бас маманы-баспасөз хатшысы.