«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҰЛТТЫҚ ҚОР — БАЛАЛАРҒА”: жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2024 жылғы 1 қаңтардан “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы іске қосылды, ал 1 ақпаннан бастап барлық балаларға – Қазақстанның азаматтарына “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алғашқы қаражат есептелді. “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы өскелең ұрпаққа мемлекет тарапынан болашақта аталған жинақтардың есебінен білім алуға және өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндіктер беретін қолдау болып табылады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасының қатысушылары 2006 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығын қоса алғанда туған балалар – Қазақстанның азаматтары болып табылады. Одан кейінгі жылдары туған балалар автоматты түрде бағдарламаның қатысушылары болады.

Жыл сайын БЖЗҚ “Жеке тұлғалар” мемлекеттік дерекқорының (ЖТ МДҚ) негізінде кәмелетке толмаған азаматтардың тізімін қалыптастырады. Егер де сіздің балаңыз осы дерекқорға енгізілген болса, онда ол автоматты түрде “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасының қатысушысы болады және оған кепілді түрде жыл сайын нысаналы талаптар есептелетін болады.

Егер балаңыз қандай да бір себептерге байланысты нысаналы талаптардың қатысушылары тізіміне енгізілмеген және олардың жалпы санын есептеу кезінде ескерілмеген, алайда осындай қатысушы болуға құқылы болса, онда нысаналы талаптар өтініш жасаған жылдан кейінгі өткізіп алынған кезең үшін есептелді.

18 жасқа толған балалардың нысаналы жинақтары Ұлттық қордан АҚШ долларында БЖЗҚ-ға аударылады және БЖЗҚ-да АҚШ долларында сақталады. Кәмелеттік жасқа толған бағдарламаға қатысушы өз ақшасын пайдалану туралы шешім қабылдағанда, ол уәкілетті операторға өтініш береді және БЖЗҚ оның жинақтарын уәкілетті операторда ашылған банктік шотқа АҚШ долларында аударады. Бұдан кейін уәкілетті оператор жинақтарды тұрғын үйге немесе білім алуға аударған кезде, ақша АҚШ долларынан аудару сәтіндегі өзекті теңгенің бағамы бойынша теңгеге айырбасталады. БЖЗҚ-мен келісім жасаған және “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін уәкілетті операторлардың тізімі enpf.kz сайтында жарияланған.

Ұлттық қордан төленетін нысаналы жинақтарға жеке табыс салығы салынбайды. Сонымен қатар, БЖЗҚ өз қызметтері үшін комиссия алмайды.

Ұлттық қордың нысаналы жинақтарын төлеген кезде: банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуға немесе өндіріп алуға; банктік шоттардағы ақша қаражаттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға; жинақты алушының келісімінсіз ақшаны алуға; банктегі ақшаға билік етуді уақытша шектеуге; жеке табыс салығын салуға тыйым салынады.

Бағдарламаға қатысушы 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл өткен соң қатысушының пайдаланылмаған нысаналы жинақ сомасы БЖЗҚ-да қалады және НЖШ-дан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін ашылған оның жеке зейнетақы шотына аударылады. Ерікті зейнетақы жинақтарын пайдалану талаптары мен тәртібі зейнетақы заңнамасында көзделген.

1 ақпанда барлық балаға – Қазақстан азаматтарына БЖЗҚ-ға Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелгені белгілі. Бағдарламаға 6 919 131 бала қатысты. Олардың барлығына бірдей 100 АҚШ доллары есептелді. Бұл алғашқы есептеулер екенін түсіну маңызды, сома жыл сайын Ұлттық қордың өсуі мен инвестициялық табыс алу есебінен ұлғайып отырады. Сонымен қатар есептелген қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестицияға салына береді және бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық табыс әкеле береді.

Бұдан басқа 2024 жылы 18 жасқа толатын 304 815 балаға аталған сома олардың БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына түсті. Олар өздерінің нысаналы жинақтарын кәмелеттік жасқа толған бойда баспана алуға немесе білім алуға пайдалануға құқылы болады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp