«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Таланттарды тоғыстырған “Таңшолпан”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде дәстүрлі он төртінші “Таңшолпан” аймақтық ән байқауы өтті. Оқу орнының Музыкалық пәндер кафедрасы ұйымдастырған байқауға университет, колледж, мектептерде оқитын 50 әнші қатысты.

Қатысушылар жас ерекшелігіне сай үш топқа бөлініп, сынға түсті. Жоғары сынып оқушылары, студенттер және вокальдық ансамбльде өнер көрсететіндер өз топтары бойынша кіл мықтыны анықтады.

– Байқаудың басты мақсаты – жас таланттарды қолдау. Қатысушылар жеке және ансамбльде ән орындай алу деңгейлерін көрсетті. Мұндай додалар жас дарындардың қабілетін шыңдап қана қоймай, олардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына да әсер етеді, – дейді қазылар алқасының мүшесі Жанар Мұхатаева.

Байқау қорытындысы бойынша мектеп оқушылары тобында екінші орынды Ирина Мишунина, Лилия Хайрутдинова, Марияна Ермолинко, бірінші орынды Адина Шакиржанова иеленді. Ал студенттер арасындағы сында Анжелла Щербина, Дарина Малдыбаева, Гаухар Сағыныш, Карина Маркелова, Айман Байділдина сынды жастар екінші, Диана Болысбаева бірінші орынмен марапатталды. Бұдан бөлек, үшінші орынға тұрақтаған және ансамбльде ән салу номинацияларында өнер көрсеткен жүлдегерлерге де қошемет көрсетілді. Бас жүлдені көрерменді әсем әнмен баураған Ангенила Аракелова еншіледі.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp