«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сахнада — сарбаздар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Ұлттық өнерді дәріптеу” жобасы аясында Ұлттық ұлан “Орталық” өңірлік қолбасшылығының 6637 әскери бөлімінде “Ұлыларын ұлықтаған Ұлттық ұлан” атты ақындар айтысы ұйымдастырылды. Әскери қызметшілер туған өлке мен кең-байтақ Отанды, қазақтың жыр алыптарын, тіл мәселесін, бейбіт күннің батырларын жырларына арқау етті.

Сахнаға шыққан 3 жұп та сөзден сүрінбеді. “Бақ шаба ма, бап шаба ма”, демекші айтыскерлердің барлығы өз деңгейінде өнер көрсетті.

Ойдың тұнығын, сөздің шымырын теріп, көрерменді қуантқан бас жүлде иегеріне қаржылай сыйақы табыс етілді. Бірінші орынды 2 атқыштар ротасының намысын қорғаған Еркебұлан Тоқмолда қанжығаласа, екінші орынды 2 – жедел мақсаттағы ротаның атынан шыққан Асқар Шәйкенов еншіледі. Ал үшінші орын артиллериялық-зениттік дивизионы минометтік батареясының 2 – взводының қатысушысы Бекжан Қазбекке бұйырды.

– Қаруды домбыраға айырбастаған ақындардың өнеріне көрермен ретінде қатысқан офицерлер, келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскери қызметшілер мен сарбаздар дән риза болды деп ойлаймын. Мұндай жыр сайысын жиі ұйымдастыру керек. Өнерпаздар сарбаздарды елжандылыққа үндейтін небір түйінді тіркестер, ұтымды ойлар айтты, – деді қазылар алқасының мүшесі Дәстен Баймұқанов.

Сөз додасында жеңіске жеткен аға сержант Жантілеу Рахимов 6637 әскери бөлімнің намысын алдағы сәуір айында өңірлік қолбасшылықта өтетін аймақаралық айтыста қорғамақ.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp