«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қымбатқа сатқан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде азық-түлік тауарларына баға бел­гілеудің барлық тізбегі бойын­ша дел­далдық схемаларды тексе­ру жө­ніндегі комиссияның кезекті отыры­сы өтті. Онда об­лыс­тық сау­да және тұтынушылардың құқық­тарын қор­ғау департаменті ұсын­ған ақпарат негізінде әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік өнімі – күн­бағыс майы­ның жоғары үсте­мемен сатылғаны анықталды.

Белгілі болғандай, “Ильинское” жауапкершілігі шектеулі серік­тес­тігі “Торгсервис KZ-2” ЖШС-нан “Род­ное” сауда белгісі бойынша шы­ғарылатын бір литрлік тазар­тыл­ған күнбағыс майын сатып алып, оны соңғы тұтынушыға 15 па­йыздан жоғары тауарлық үстеме­мен сатқан. Осы ретте “Ильинское” ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4 бабына сәйкес ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Егер бұл әрекет бір жыл ішінде қайталанатын болса – шағын кә­сіпкерлік субъектісіне – 10 АЕК мөл­шерінде, орта кәсіпкерлік субъекті­леріне – 75 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

​Тексеру нәтижелері бойынша “Ильинское” ЖШС-ға қолданыс­та­ғы заңнамаға сәйкес күнбағыс ма­йының бөлшек сауда бағасын тө­мендету ұсынылды.

Жыл басынан бері комиссия отырысында тауарлық үстеменің белгіленген мөлшерінен асып кету фактілері бойынша 14 материал қа­ралып, 13 факті бойынша кәсіп­кер­лік субъектілері әкімшілік жауап­кершілікке тартылды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp