«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Емдік тағам

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан уни­верситетінің ғалымдары Владилен Поляков пен Дмит­рий Мокшин терек сы­ғындысы бар емдік печенье ойлап тапты.

Ғылыми дерекке сүйенсек, бальзам терегінің биологиялық белсенді заттары, яғни, флаво­ноидтар қатерлі ісікке шалдыққан науқастардағы қанның негізгі көрсеткішін қалыпқа келтіруге кө­мектеседі. Ғалымдар осы өсімдік сығындысының дəрілік əлеуетін ашып, пайдаға жаратты. Олар­дың айтуынша, бальзам ағашын­да бактерияға, қабынуға қарсы шығып, жараларды емдей­тін қа­сиет бар. Оны медицинада ғана емес, ауыл шаруашылығын­да да қолдануға болады.

Кондитерлер печеньенің экс­пе­рименттік нұсқасын жасап шы­ғарып, оның дəстүрлі түріне баль­зам терек сығындысы қосыл­ды. Ғалымдар облыстық онколо­гия­лық диспансермен бірлесіп зерт­теулер жүргізді. Сəулелік те­ра­пиядан өткен науқастар фла­во­ноидтармен жəне терек бүр­шік­терінен бөлінген басқа да пай­далы заттармен байытылған пе­ченьені жеп көрді. Нəтижесінде науқас­тар­дың қан көрсеткіштері басқа бақылау тобымен салыс­тыр­ған­да біршама қалыпқа кел­ген. Ге­моглобин мен эритро­цит­тер 7,5 пайызға, лейкоциттер 20 пайызға өскен. Осылайша баль­замдық терек сығындысы бар печенье онкологиялық науқастар қаны­ның негізгі көрсеткішін қалыпқа кел­тіруге көмектескен.

Елігімай ТӨҢКЕР.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp