«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста “Солтүстік – 2024” қысқы спорт ойындары өз мәресіне жетті. Биыл спартакиада Қызылжар ауданының орталығы – Бескөл ауылында өтті.

“Солтүстік – 2024” қысқы спорт ойындарына өңірдің 13 ауданынан командалар қатысты. Олар спорттың 8 түрінен сынға түсті. Дәстүрлі спартакиада аясында Петропавлда керлинг, конькимен жүгіруден, рикбенди, президенттік көпсайыс пен шайбалы хоккейден сайыстар ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.

Демалыс күндері командалық спорт түрлерінен ақтық сындар өтті. Осылайша, жалпыкомандалық есепте Қызылжар ауданы жеңіс тұғырына көтерілді. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан екінші орынға табан тіреді. Үздік үштікті шалақындықтар қорытындылады. Жеңімпаз атанғандарға 500, екінші орын үшін 300 және қола жүлдеге қол жеткізген ауданға 200 мың теңгелік сертификаттар табысталды. Келер жылы “Солтүстік – 2025” қысқы спорт түрлері ойындары спартакиадасы Ақжар ауданында ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Марат ШЫНТЕМІРОВ,

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp