«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қатерге қарсы күрес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанда туберкулезге қар­сы күрес айлығы басталды. Биыл ол “Біз туберкулезді жеңе ала­мыз!” ұранымен өтіп жатыр.

24 наурыз – Дүниежүзілік ту­бер­кулезге қарсы күрес күні. Об­лыстық фтизиопульмонология ор­талығының мәліметінше, қазіргі уақытта бұл ауру жаһандық проб­лемаға айналған. Эпидемияны жою үшін 2023 жылы БҰҰ-ның ту­беркулез бойынша жоғары дең­гейдегі кездесуінде қабылданған міндеттемелерді жүзеге асыру қажет.

“24 ақпанда Қазақстанда ту­беркулез бойынша айлық бастал­ды, ол Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайласты­рылған. Жылына бір рет өткізіле­тін бұл іс-шараның мақсаты ха­лықты қауіпті ауру туралы хабар­дар ету. Республикалық көрсет­кішпен салыстыратын болсақ, өкі­нішке қарай өңірде туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші жоғары”, – дейді орталық жанындағы кон­сультативтік-диагностикалық бө­лім меңгерушісі Кенжегүл Әрі­пова.

Облыстық фтизиопульмо­но­логия орталығында 2 және 16 нау­рызда “Ашық есік” күндері өтеді, бұл күні тұрғындар флюорогра­фиялық зерттеуден өте алады және шағым болған жағдайда фтизиатр-дәрігерге жүгініп, талдаулар тапсыра алады.

13 наурызда Петропавлдағы “Алтын Арман” сауда орталы­ғын­да орталық қызметкерлері флешмоб ұйымдастырып, сондай-ақ сау­да орталығының аумағында жылжымалы флюорограф орна­тылады, онда әрбір келуші флю­орографиялық зерттеуден өте алады.

“Соңғы сегіз жыл бойы бүкіл әлемде 24 наурызда ДДҰ-ның бас­тамасымен “Туберкулезден әлемді жарықтандыр” халықара­лық науқаны жүргізіліп келеді. Акция барысында туберкулезбен күресті қолдау мақсатында қала­ның көрікті жерлері қызыл түспен жарықтандырылады. Петропавл бұл акцияға 2020 жылдан бастап қатысып келеді, бұған дейін “Абы­лай хан резиденциясы” музей-кешені, облыстық бейнелеу өнері музейі, астрофизикалық обсер­ватория, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан уни­верситеті, облыстық тарихи-өлкетану музейі жарықтандырылды. Биыл Ақан сері атындағы об­лыстық филармония ғимаратын қызыл түспен жарықтандыру жос­парланған. Акция 24 наурызда сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін өтеді”, – дейді Кенжегүл Әріпова.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp