Облыс полицейлері “Мал ұрысы” жедел-алдын алу іс-шарасы режімінде жұмыс істеуде. Қылмыстың осы түрін ашу және жолын кесу, оның ішінде ет сату ережелерінің сақталуын бақылау бойынша жұмыстар күшейтілді. Тәртіп сақшылары ветеринарлық қызметкерлермен бірлесіп базарлар бойынша рейдтер жүргізіп, мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктерді тексеруде.
Петропавл қаласының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ол “Toyota” шағын автобусымен коммуналдық базарға ілеспе құжаттарсыз ірі қараның етін өткізуге тырысқан. Облыс бойынша осындай 17 факті анықталды.
Бірнеше күн ішінде 85 бірлік автокөлік, 26 өткізу орны, 126 шаруа, фермер қожалығы мен шалғайдағы нүктелер тексерілді. Сонымен қатар түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Иван ТЕРЗИДИ,
криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі.