«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Басты мақсат – қоғамдық тәртіпті нығайту

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айқындылық, ашықтық және тиімділік. Облыстық по­лиция департаментінде жұмыстың осы тұстарын нығай­туға көп жылдар бойы консультативтік-кеңесші органның мүшелері атсалысып келеді. Оның құрамына өңірдегі бел­гілі қоғам белсенділері, тәжірибелі басшылар мен журна­листер кіреді.

Полиция департаменті жа­нындағы органның кезекті оты­ры­сында былтыр бірлесіп атқа­рылған жұмыстардың қорытын­дылары және алдағы жылға ар­налған жоспарлар туралы айтыл­ды. Сондай-ақ қоғам белсенділері полиция жұмысына қатыс­ты пікірлерімен бөлісіп, қала тұрғындары арасындағы өзекті мәс­елелерді айтты.

Консультативтік-кеңесші ор­ганның төрағасы Жасұлан Ахме­тов жиынға қатысушыларды өт­кен жылы ойын-сауық орында­рында қылмыстарды болдыр­мау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, нашақорлықтың алдын алуға бюджет қаражатын бөлу бойын­ша атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Биылғы жылға қарастырылған мәселелер айқындалды, жоспар­дың жобасы бекітілді. Отырыста қаралған екінші мәселе көші-қон қызметінің жұмысына қатысты. Көші-қон қыз­меті басқармасының бастығы, по­лиция полковнигі Талғат Әбілов мемлекеттік қызмет көрсету аталмыш бөліністің жұмысын­дағы басым бағыттардың бірі еке­нін атап өтті.

– Көші-қон полицейлері мем­ле­кеттік қызметтің 12 түрін көрсе­теді. 2023 жылдың 12 айында бар­лығы 126 665 қызмет көрсетілді. Қазіргі уақытта барлық қызмет­тер электрондық форматта көр­сетіледі, яғни азаматтар ақпарат­тық жүйелерді пайдалана оты­рып, қызметтерді үйден шықпай-ақ ала алады. Сондай-ақ мемле­кеттік қызметтерді эксаумақты­лық қағидаты арқылы ХҚКО-ға жү­гіну арқылы алуға да болады, аза­маттар тұрғылықты мекенжай­ла­рына қарамастан кез келген ХҚКО-ға жүгіне алады, – дейді Талғат Әбілов.

Отырыс барысында ККО мү­шесі Павел Афанасьев Ульянов көшесіндегі танымал дәмхана­ның біріне көршілес тұрған үй­лердің тұрғындарының базына­сын жеткізді. Қоғам өкілінің ай­туынша, бұл көңіл көтеру орны адамдардың мазасын алып, ты­ныштығын бұзатын көрінеді. Әрі түнде ойын-сауық мекемесінің жанында мас күйде қылмыс пен құқық бұзушылық жасау қаупі ар­тады екен. Бұл үй тұрғындарына үлкен қолайсыздықтар тудыра­ды. Облыстық және қалалық полиция басшылығы бұл ақпарат­ты назарға алып, өз құзыреті шеңберінде барлық қажетті ша­раларды қабылдауға уәде берді.

Облыстық полиция департа­ментінің бастығы, полиция пол­ков­нигі Айдын Қабдұлдинов ККО мүшелеріне атқарып жатқан жұ­мыстары үшін алғысын білдіріп, өңір тұрғындарының барлық мә­селелері мен талап-тілектері бойынша қажетті шаралар қа­былдайтынын айтты.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp