«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 28, 2024

Оқырманымен бағалы

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы “Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі” дей отыра баспасөздің қоғам өміріндегі маңызды орнын айшықтап кетті. Осыдан 110 жыл бұрын алғашқы саны шыққан “Қазақ” газетінен бастап талай басылымдар халық пен биліктің арасында алтын көпір болып, ел игілігі үшін қызмет етіп келеді. Халыққа шынайы ақпарат таратып, қоғамдық пікір қалыптастыруда мерзімді баспасөздің орны …

Оқырманымен бағалы Read More »

ТУРНИРЛІК КЕСТЕДЕ — БІРІНШІ

Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел чемпионаты өз мәресіне жетті. 4-ші турдың қорытындысы бойынша жергілікті “Қуаныш” клубы турнирлік кестедегі бірінші орнын сақтап қалды. Турдың соңғы ойынын жерлестеріміз “Қарағанды” командасына қарсы өткізді. Үш партияның қорытындысы бойынша теріскейлік бұрымдылар 3:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша солтүстікқазақстандықтар 63 ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орында қалды. Ал өскемендік “Берел” түркістандық “Тұранды” …

ТУРНИРЛІК КЕСТЕДЕ — БІРІНШІ Read More »

ОҚУШЫЛАР — “АҚШАҚАРДА”

Петропавлда қысқы спорт түрлерінен “Ақшақар” спартакиадасы басталды. Мектеп оқушылары арасындағы облыстық додаға аудандық іріктеу кезеңінен өткен 1300 бала қатысуда. Өңірлік жарыс басталмас бұрын облыстың 13 ауданында іріктеу кезеңдері өтті. Оған 10 мыңға жуық мектеп оқушысы қатысты. Үздіктерден құралған командалар Петропавлда жиналды. Қысқы спартакиада 10 спорт түрінен ұйымдастырылып жатыр. Мектеп оқушылары шаңғы тебу, президенттік көпсайыс, спорттық …

ОҚУШЫЛАР — “АҚШАҚАРДА” Read More »

Туберкулезге шалдыққандарға — жәрдемақы

Облыста туберкулезбен ауыру көрсеткіші бір жылда 3,8 пайызға өсті. Облыстық фтизиопульмонология орталығының мәліметінше, 2022 жылы 17 жасқа дейінгі 10 балаға туберкулез диагнозы қойылса, былтыр 11 бала ауырған. Жалпы 216 адамда бұл дерт алғаш анықталып отыр. “Флюорографиялық тексеруден былтыр 336 мың адам өтті. 191 адамға туберкулез диагнозы қойылды. Бұдан бөлек, “G-xpert” әдісімен тексерудің нәтижесінде 257 адамда …

Туберкулезге шалдыққандарға — жәрдемақы Read More »

Тазаланбаған пеш

Уәлиханов ауданында 32 жастағы әйел, оның 13-тегі баласы және бір жасар нәрестесі иіс тиіп ауруханаға түсті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 ақпан күні сағат 21:00 шамасында Кішкенекөл ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен аудандық ауруханаға көмірқышқыл газынан уланған отбасы жеткізілген. Тиісті ем-дом көрсетілгеннен кейін әйел мен оның екі баласы үйлеріне жіберілді. “Тұрғын үйді …

Тазаланбаған пеш Read More »

Өмір мектебі

Алдыңғы толқын ағалардың ішінде өміршең өнегесімен, тамаша тағылымымен кейінгі ұрпаққа әдемі мысал болатын тұлғалар болады емес пе? Соның бірі кісілік келбе­тімен, ішкі мәдениетінің мықтылығымен жаныңды баурап алатын Болат Рахимов. Былтыр Алаштың айтулы тұл­ғасы, ән өнерінің жауһары Ақан серінің туғанына 180 жыл толуы қарсаңында Болат Шон­ұлынан маза кеткен. Күнара қо­ңырау шалады. Сауалы – ел жақ­та не …

Өмір мектебі Read More »

Көрнекі ақпаратта қате көп

Петропавлда былтыр мамандар 80 нысанға мониторинг жүргізіп, заң бұзудың 30 дерегін анықтады. Қатеге жол бергендер ескертумен ғана шектелген. Петропавлдағы кей сауда орындарындағы көрнекі ақпарат бір жөнге келмей қойды. Облыс орталығындағы “Береке” ша­ғынауданының тұрғыны Жайна­гүл Темірханованың айтуынша, кей аудармаларды көріп, не кү­леріңді, не жыларыңды білмей­сің. “Стақанды “шыныдан рахат­таныңыз” деген аударманы кө­зім шалып қалды. Көре салысы­мен сауда …

Көрнекі ақпаратта қате көп Read More »

ТАУАР САПАСЫН ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙМЫЗ?

Соңғы кездері импорттық тұтыну тауарларының сапасы мен қауіпсізді­гіне, әсіресе халықаралық стандарттар нормаларына сәйкес келмейтіні жайлы жиі айтылып жүр. Оны департаментке түсіп жатқан арыз-ша­ғымдар мен телефон қоңыраулары да айғақтайды. Уақыт өткен сайын Қа­зақ­стан­ның шетелдермен сыртқы сауда-экономикалық ынтымақтас­тығы қарқын­ды дамып келеді. Шетелдік өнім өндірушілер үшін жан-жақты мүмкіндіктер тудырылған. Мұның өзі, яғни өнім импортының тұрақты өсу үрдісі тұтыну …

ТАУАР САПАСЫН ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙМЫЗ? Read More »

АДАМ САУДАСЫ – КӨЛЕҢКЕЛІ БИЗНЕСТІҢ КӨЗІ

Өңірде былтыр адам саудасына қатысты 11 дерек тіркелді. Оның басым бөлігі – жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлыққа қатысты. Ал екі жағдайда 40 жастағы әйел бойжеткенді басыбайлы сатпақ болған. Неліктен қылмыстың бұл түрін сотқа дейін жеткізу қиын? Кімдер “қармаққа” түседі? Облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жандос Басыбаев …

АДАМ САУДАСЫ – КӨЛЕҢКЕЛІ БИЗНЕСТІҢ КӨЗІ Read More »

ЖОШЫ ХАН ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛЫСЫ

Кешегі қилы заманда елін, жерін ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қасық қаны қалғанша қорғаған бабаларымыздың ерлік істері бүгінгі жастарымызға үлгі-өнеге, мақтаныш. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдың басында есімі елімізге белгілі ғалым Дихан Қамзабекұлына берген сұхбатында биыл Жошы ұлысының 800 жылдығы ел көлемінде аталып өтілетінін айтқан болатын. Жошы хан – қазақ тарихының бастауында тұрған тұлға. …

ЖОШЫ ХАН ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛЫСЫ Read More »

Ізгілік мерекесі

Халқымыз осымен алтыншы жыл қатарынан Алғыс айту күнін атап өтпек. Жыл сайын аталған мерекенің ауқымы ұлғайып, салмағы артып келе жатқаны байқалады. Жұртшылықтың өткенге үңіліп, тарихи оқиғалардан тағылым алуы маңызды. Алғыс айту күні – бірлігімізді нығайтып, ұлттық болмысымызға оралуға сеп болатын мәні терең мерекелердің бірі. Алғыс айту күні әлем елдерінде бұрыннан бері аталып өтіліп келе жатыр. …

Ізгілік мерекесі Read More »

СӘБИЛЕР ЖҮЗІНДЕГІ ШУАҚ

Наурыздың келуімен бірге елімізде мейірім мен махаббаттың мерекесі саналатын Алғыс айту күні аталып өтіледі. Айтулы күнге орай Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Қайырымдылық шарасына “Солнечный дом” қоры көмек көрсетіп келе жатқан ұл-қыздар қатысты. Мерекелік кеште кітапхана қызметкерлері келген меймандардың көңілін көтеріп, қуаныш сыйлауға тырысты. …

СӘБИЛЕР ЖҮЗІНДЕГІ ШУАҚ Read More »

Басты мақсат – қоғамдық тәртіпті нығайту

Айқындылық, ашықтық және тиімділік. Облыстық по­лиция департаментінде жұмыстың осы тұстарын нығай­туға көп жылдар бойы консультативтік-кеңесші органның мүшелері атсалысып келеді. Оның құрамына өңірдегі бел­гілі қоғам белсенділері, тәжірибелі басшылар мен журна­листер кіреді. Полиция департаменті жа­нындағы органның кезекті оты­ры­сында былтыр бірлесіп атқа­рылған жұмыстардың қорытын­дылары және алдағы жылға ар­налған жоспарлар туралы айтыл­ды. Сондай-ақ қоғам белсенділері полиция жұмысына қатыс­ты пікірлерімен …

Басты мақсат – қоғамдық тәртіпті нығайту Read More »

Судың байлығы – балығында

Облыс орталығындағы балық өсімбағында алдағы маусымда су көздеріне шабақтарды жіберу­ге дайындық жүргізілуде. Көктем­де Петропавл және Сергеев су қоймаларына 36 миллионнан ас­там шабақ жіберу жоспарда бар. Бүгінде уылдырықтар инкубация цехында енді-енді дамып жатыр. Бірнеше айдан кейін дернәсіл­дер кішкентай шабаққа ұқсап, сәуір айында табиғи ортасына жіберіледі. – Бүгінде инкубация процесі жүріп жатыр. Уылдырықтың кішкен­тай шабаққа айналуы үшін …

Судың байлығы – балығында Read More »