«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тазаланбаған пеш

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Уәлиханов ауданында 32 жастағы әйел, оның 13-тегі баласы және бір жасар нәрестесі иіс тиіп ауруханаға түсті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 ақпан күні сағат 21:00 шамасында Кішкенекөл ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен аудандық ауруханаға көмірқышқыл газынан уланған отбасы жеткізілген. Тиісті ем-дом көрсетілгеннен кейін әйел мен оның екі баласы үйлеріне жіберілді.

“Тұрғын үйді қарау кезінде пештің мұржасы жабылмайтынын байқадық. Пеш көптен тазаланбағандықтан күл толып қалған. Салдарынан дұрыс тартпай, улы газ ішке кеткен. Яғни үй иесі пешті дұрыс қолдану ережесін сақтамаған”, – дейді өртсөндірушілер.

Облыста жыл басынан бері 4 адам пешті дұрыс қолданбау салдарынан иіс тиіп уланып қалған. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 20 адам уланып, 1 адам қайтыс болды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp