«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оқырманымен бағалы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы “Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі” дей отыра баспасөздің қоғам өміріндегі маңызды орнын айшықтап кетті. Осыдан 110 жыл бұрын алғашқы саны шыққан “Қазақ” газетінен бастап талай басылымдар халық пен биліктің арасында алтын көпір болып, ел игілігі үшін қызмет етіп келеді.

Халыққа шынайы ақпарат таратып, қоғамдық пікір қалыптастыруда мерзімді баспасөздің орны зор. Ғаламтор мен ақпараттық технологиялардың адымы ашылған қазіргі таңда да керегін газет-журналдардан алатын ойлы оқырман көп. Еліміз егемендік алғалы бері халықтың сүйікті үн-парағына айналған іргелі басылымдар да, жаңа заманның жылдамдығына ілесе алмай артта қалған ақпарат құралдары болды. Әсіресе облыс, аудан көлемінде ақпарат тарататын жергілікті басылымдар үшін ақпарат айдынында жүзу оңайға соққан жоқ. Осы ретте ұзақ жылдан бері аудан дамуының жылнамасы болып келе жатқан “Есіл таңы” газеті жайлы айтпай кетуге болмас.

Алғашқы саны осыдан 20 жыл бұрын шыққан “Есіл таңы” газеті Есіл ауданының тұрғындары үшін ана тілімізде ақпарат беріп, ауыл халқын облыс, аудан көлемінде болып жатқан оқиғалардан құлағдар етіп келеді. Аптасына бір рет шығатын газетте елді мекендердегі өзгерістер, маңызды шешімдер мен елеулі оқиғалар баяндалады.

Өз ғұмырының екінші он жылдығын бағындырып отырған аудандық басылымның ұжымын мерейтоймен құттықтай отыра шығармашылық табыс, жаңа ізденістер тілеймін. Жылдан жылға басылымның оқырманы көбейіп, беделі арта берсін!

Әлия ҚОСПАНОВА,

Ақтас ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Есіл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp