«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Туберкулезге шалдыққандарға — жәрдемақы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста туберкулезбен ауыру көрсеткіші бір жылда 3,8 пайызға өсті. Облыстық фтизиопульмонология орталығының мәліметінше, 2022 жылы 17 жасқа дейінгі 10 балаға туберкулез диагнозы қойылса, былтыр 11 бала ауырған. Жалпы 216 адамда бұл дерт алғаш анықталып отыр.

“Флюорографиялық тексеруден былтыр 336 мың адам өтті. 191 адамға туберкулез диагнозы қойылды. Бұдан бөлек, “G-xpert” әдісімен тексерудің нәтижесінде 257 адамда ауру расталды. Диаскин-тест тексеруден 9498 бала өтіп, оның 286-сында оң нәтиже болды”, – дейді фтизио-пульмонология орталығы директорының орынбасары Раиса Құсайынова.

Петропавлда және облыстың 6 ауданында “Сенім-Солтүстік” үкіметтік емес ұйымы жұмыс істейді. Ұйым сырқаттарды анықтау және іздеу, құжаттарын қалпына келтіру және ауырған адамдарға психологиялық кеңес беру, материалдық көмек көрсету, айыппұлдарды төлеу бойынша жұмыс жүргізеді. Мәселен, былтыр тұрмысы төмен отбасылардан 23 сырқат анықталып, емдеуден қашып жүрген 30 адам қайтарылған.

“Туберкулезбен ауыратын барлық сырқатқа әлеуметтік қолдау бар. Қалалық мәслихат сессиясында туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылданды. 2023 жылы 438 сырқат жалпы 60 млн. теңге көмек алды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда екі есе көп ”, – дейді Раиса Құсайынова.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp