«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАУАР САПАСЫН ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙМЫЗ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы кездері импорттық тұтыну тауарларының сапасы мен қауіпсізді­гіне, әсіресе халықаралық стандарттар нормаларына сәйкес келмейтіні жайлы жиі айтылып жүр. Оны департаментке түсіп жатқан арыз-ша­ғымдар мен телефон қоңыраулары да айғақтайды. Уақыт өткен сайын Қа­зақ­стан­ның шетелдермен сыртқы сауда-экономикалық ынтымақтас­тығы қарқын­ды дамып келеді. Шетелдік өнім өндірушілер үшін жан-жақты мүмкіндіктер тудырылған. Мұның өзі, яғни өнім импортының тұрақты өсу үрдісі тұтыну нарығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде елеулі алаң­даушылық туғызып отыр.

Еліміздің тамақ өнеркәсібі – халықтың саны мен қажеттілік бойынша толыққанды азық-түлік себетімен қамтамасыз етуге ар­налған экономиканың стратегия­лық салаларының бірі. Жасыра­тыны жоқ, көптеген азық-түлік өнімдері ішкі нарыққа шетелдік өндірушілерден келеді. Сон­дық­тан сапасыз тауарлардың жөн-жосықсыз ағылуына тосқауыл қою, алдын алуды ойластыру өте маңызды. Бұл орайда тұтыну нарығын қауіпті тауарлардан қор­ғау жүйесінің негізгі шаралары­ның бірі тауарлардың белгілен­ген талаптарға толық сәйкестігі болып табылады. Жергілікті азық-түлік нарығындағы тауар­лар мен қызметтердің еркін ай­налымында тұтынушылық сұра­нысты қанағаттандырудың на­рық­тық тетіктері тиімді қолда­нылады. Нарықтық инфрақұ­ры­лымдар мен бәсекелестік ор­таны қалыптастыру негіздері қа­ланған. Бірақ тұтыну нарығын импорттық өніммен жаппай тол­тыру жұртшылықтың арзан, са­па­лы тауарларға деген сұра­нысын өтейді деген ұғымды біл­дір­месе керек. Мәселенің мәні­сіне үңілсек, қаржылық мүмкін­діктері төмен тұтынушыларды бірінші кезекте өнімнің бағасы қызықтырары сөзсіз. Импорттық арзан өнімдер нарықта үстем жағдайға ие болып, отандық жоғары сапалы тауарларды ерік­сіз ығыстыратын жайттар аз кез­деспейді. Осы себепті ішкі на­рықта азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мемлекет қойған басты міндеттердің бірі болып табылады. Ол үшін азаматтық қоғам, үкіметтік емес бірлес­тіктер, БАҚ, жалпы тұтынушылар бірігіп, сапасыздыққа қарсы кү­ресе білсе, кез келген қиын­дық­ты еңсеруге болады.

Десек те, сапалы және қауіп­сіз өнімді қалай сатып алуға бо­ла­ды деген мәселе әрқайсы­мызды ойландырары анық. Тұ­ты­нушының көзқарасы бойынша сапа оның қажеттіліктерін қа­нағаттандыратын сипаттама­лар­дың жиынтығы секілді. Өкі­нішке қарай, бұл талап сатып алу­шының ұстанымымен сәйкес келе бермейді. Кез келген өнімді таңдағанда алдымен таңбалауға зер салу керек. Сақтау, тасымал­дау, пайдалану, кәдеге жарату шарттары, дайындау (өндіру және пайдалану) қолдану тәсілі, дайындау (өндіру) күні, энергия тұтыну (энергия тұтыну жабдығы үшін), жарамдылық мерзімі, массасы, көлемі сияқты өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама сипат­тайтын мәліметтер көрсетілуі тиіс. Мұндайда өнімнің жеке­леген түрлерін таңбалауға қойы­латын талаптар да жете ескері­ліп, қаптамада (ыдыста) және (не­месе) затбелгіде, құжаттарда, жадынамаларда (қосымша па­рақ­тарда, ақпараттық парақтар­да) қоса беріледі. Тұтынушыға ар­налған ақпарат және таңбалау мәтіні мемлекеттік, орыс тілде­рін­де жазылып, өнімнің әрбір бір­лігінде (қаптамада, ыдыста), зат­белгіде, жапсырмада, құжат­тар­да, жадынамаларда (қо­сым­ша па­рақтарда, ақпараттық па­рақ­тар­да) оқуға (танысуға) ың­ғайлы жерде орналастырылады. Өнім­нің сәйкестігін растайтын құжат­тар тауардың түріне байла­нысты болады (декларация, сер­тифи­кат, мемлекеттік тіркеу ту­ра­лы куә­лік, ветеринариялық анық­та­ма немесе ветери­нария­лық сер­тификат, пайдалану құ­жаттары, сапа паспорттары, т. б.).

Екіншіден, кез келген тұтыну­шы сатушыдан аталған құжат­тар­ды талап етуге, заңды уәж орындалмаған жағдайда өнімді сатып алудан бас тартуға толық құқылы. Сапасыз өнім ұсынылса (таңбалау жоқ немесе сәйкес кел­месе, ақпарат мемлекеттік тілде толтырылмаса, декларация не­месе сертификаттың дұрысты­ғына күмән туса, т.б.) дереу уәкі­летті органдарға жүгінген жөн.

Екатерина ПАРШИНА,

техникалық реттеу және метрология комитеті облыстық департаментінің бас маманы, мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp