«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТУРНИРЛІК КЕСТЕДЕ — БІРІНШІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел чемпионаты өз мәресіне жетті. 4-ші турдың қорытындысы бойынша жергілікті “Қуаныш” клубы турнирлік кестедегі бірінші орнын сақтап қалды.

Турдың соңғы ойынын жерлестеріміз “Қарағанды” командасына қарсы өткізді. Үш партияның қорытындысы бойынша теріскейлік бұрымдылар 3:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша солтүстікқазақстандықтар 63 ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орында қалды. Ал өскемендік “Берел” түркістандық “Тұранды” ұтып, екінші сатыға жайғасты. Үздік үштікті талдықорғандық “Жетісу” командасы қорытындлады. Олар “Айқаракөз” қыздарын ұтты.

Жарыс ережесіне сәйкес, плей-офф кезеңінде жерлестеріміз 8-ші орынға жайғасқан “Алтаймен” кездеседі. “Берел” болса, “Қарағандымен”, “Жетісу” командасы павлодарлық “Ертіспен” ойнайды. Түркістан қаласының “Тұран” клубы “Алматымен” күш сынасады. Барлық кездесулер Түркістанда өтпек.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp