Ақпанның аяғы мен наурыздың басы – су астындағы балықтарға ауа жетпейтін шақ. Мұз астындағы ауаның азаятындығы соншалық, балық қырылып қалуы мүмкін. Ал суды ауаландыруды аэрация деп атайды.
– 167 балық шаруашылығы субъектісінде 330 су айдыны бекітілген. Жылда желтоқсаннан бастап наурыз айына дейін су айдындарында аэрация іс-шараларын жүргіземіз, – деді облыстық балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Амангелді Қажығалиев.
Жалпы өңірдегі су айдындары таязданып бара жатыр екен. Бұл судағы тіршілік иелеріне кері әсер етуі мүмкін.
Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.