«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Электронды қызметтер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үкімет тапсырмасы бо­йынша Қазақстанның үш өңірінде электрон­дық форматта ауыл тұрғындарына несие беру бойынша “Ауыл аманаты” қанатқақты жобасы басталды. Бұған дейін ауыл тұрғындарына несие беру “Қолдау” платформа­­сы арқылы ақылы жүргізілді.

Бұдан басқа ауыл шаруашы­лығы жануарларын бірдейлендіру базасына алты қосымша сервис қо­сылды, бұл мал шаруашылығы са­ласында “туғаннан союға дейін” толық қадағалауды қамтамасыз етеді.

Осылайша электронды форматта жануарға жеке нөмір тіркеуге және беруге, профилактикалық шаралар жүргізуге, жануарды иелену проце­сін және карантинде болуын көруге, жануарларды союға жіберуге болады. Қазіргі уақытта ветеринария мен бақылау жұмыстарына көмектесетін қызметтер енгізілуде.

Ауыл шаруашылығы министрлігі “Азаматтарға арналған үкімет” КЕАҚ-да бірыңғай көлік базасын біріктіруге және құруға қол жеткізді. Қазіргі уа­қытта Алматы облысында қанатқақ­ты жоба енгізілуде. Онда ауыл шаруашылығы техникасы бойынша мәмілелер әкімдіктерде емес, “Бірыңғай терезе” шеңберінде арнайы ХҚКО-да жүргізіледі.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp