«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде өңірлік кадр ре­зервте­ріне іріктеу басталды. Өңірлік кадр резервінің басты мақсаты – талантты жастар арасынан жаңаша ой­лайтын көшбасшылар, жас бас­қарушылардың тобын қалып­тас­тыру. Іріктеуге жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақ­стан азаматтары қатыса алады. Өңірлік резервке іріктеуге Қа­зақстан Республикасының Пре­зиденті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, “А” корпу­сының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, бұған дейін Президенттік жас­тар кадр резервіне алынған адамдар қатыса алмайды.

Өңірлік комиссиялар облыстардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекет­тік басқару жүйесін дамыту­дың басымдықтарын ескере оты­рып, резервке алынатын кандидаттардың санын, сала­лық бағыттарды айқындайды. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұра­ды және биылғы жылдың 1 нау­рызынан маусым айының соңына дейін жалғасады.

– Іріктеу маусым айының аяғында қорытындыланады. Оған дейін бір ай бойы өтініш беріледі. Одан кейін заңдар бойынша тес­т тапсырады. Соңында комиссия әр өңірден 15 азамат­ты қабылдайды. Олар екі жыл резервте тұрады, – деді сарапшы Әнуар Тоқпанов.

Екі жылдың ішінде олар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда “Б” корпу­сы­ның мемлекеттік әкім­шілік лауазымдарына заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындалуы мүмкін.

Іріктеуге қатысу үшін нау­рыздың аяғына дейін onir.pkrezerv.gov.kz онлайн-платформасында тіркелу қажет. Кандидаттар онлайн-платформада тіркеліп, құжат­тарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ ха­барландыруда көрсетілген құ­жаттарды қабылдаудың соңғы күнінен кешіктірмей құжаттарды жүк­теуі тиіс.

“Жеке деректер” бөлімінде байланыс деректерін көр­сете отырып, үміткерлер өңірін және салалық бағытты таңдауы қажет. Екі және одан да көп өңірлік резервті немесе салалық бағыттарды таңдауға, сондай-ақ оларды қайта таңдауға болмайды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp