«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тегін балық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алғыс айту күніне орай Петропавлда түрлі іс-шара ұйымдасты­рыл­ды. Кезінде өңірге күшпен қоныстан­ды­рылған күрд халқының өкілдері мере­кеден шет қал­май, қа­йырымдылық ак­ция­сын өткізді.

Қайырымдылық іс-шарасы Пет­ропавлдағы 20-шағынауданда орналасқан сауда орталығының алдында өтті. Зейнеткерлер у-шу­сыз кезекке тұрып, тегін ба­лық­ты бірінен кейін бірі тәртіппен әке­тіп жатты. Ұйымдастырушы­лар бір адамға 4 келі балықтан берді.

“Алғыс айту күніне орай акция ұйымдастыруды шештік. Күрд мә­дени орталығы 400 келі балық сатып алып, зейнеткерлерге тегін үлестірді. Мұндай акция үшінші жыл қатарынан 1 наурызда өткі­зіліп келеді. Қиын-қыстау заманда маңдайымыздан сипап, төрін ұсынған қазақ халқына ризашы­лы­ғымыз шексіз”, – дейді Солтүс­тік Қазақстан облысы бойынша күрд мәдени орталығының өкілі Расим Афандиев.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp