«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Наурыз 5, 2024

Үздік үштік қатарында

Алматы қаласында құзға өр­ме­леуден ел біріншілігі өтуде. Жарысқа ересектер, жастар мен жасөспірімдер қатысып жатыр. Қазақстан чемпионатында елі­міз­дің 6 өңірінен 28 спортшы бақ сынауда. Ересектер ара­сында үздіктер анықталды. Құзға өрме­леуде солтүстікқазақстандық Мұ­хаммед Бейсенов екінші орын иеленді. Ал әйелдер ара­сын­да жерлесіміз Анна Денисова үшінші орынға қол жеткізді. Жалпыкомандалық есепте ере­­сектер арасында Астана ко­мандасы көш бастаса, Алматы спортшылары …

Үздік үштік қатарында Read More »

Сақтау шартын бұзған

Есірт­кі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызмет­кер­лері “Дәрмек” рес­публи­ка­лық жедел-профи­лактикалық іс-шарасын өткіз­ді. Еліміз бо­йынша өз қызметінде дәрілік зат­тарды қолданатын 900-ге жуық кәсіпорын мен ұйым тек­се­рілді. Есірткі және улы зат­тармен айналысу саласында 22 қылмыстық құқық бұзу­шы­лық анықталды. Әкімшілік жа­уапкершілікке 230 адам тар­тылды, оның ішінде 48 ме­ди­цина қызметкері бар. Шара барысында сақтау шарттарын бұзғаны үшін 43 келі есірткі …

Сақтау шартын бұзған Read More »

Жалау үшін жауап береді

Петропавлдың 53 жастағы тұрғыны террористік ұйымның туын өз ак­каун­тының профиліне фотосурет ретінде орналастырғаны үшін жауапқа тартылды. Облыстық полиция департа­менті баспасөз қызметінің мәлі­метінше, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызмет­керлері жедел іс-шара өткізу ба­рысында құқық бұзушылықты анық­тады. Ер адам әлеуметтік же­­лідегі профиліне орналастыр­ған ту шетел­дік террористік ұйым­ға тиесілі бол­ған. Оның қыз­меті ел аума­ғын­да тыйым салынған. Мамандандырылған әкім­шілік соттың …

Жалау үшін жауап береді Read More »

Құрт – асыл ас

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан уни­вер­ситетінің студенттері “Құрт” акциясын ұйым­дастырды. Бастама авторы – Қазақстан халқы Ас­самблеясы кафедрасы. Ал акцияның жүзеге асуына еврей мәдени орталығы атсалысқан. “Қазақтың ұлттық тағамы, қа­сиетті құрт – саяси қуғын-сүргін жылдары жер аударылған көп­те­ген адамның өмірін сақтап қал­ды. Тарихи оқиғаларға негіздел­ген аңыз бар: “АЛЖИР” лагерінің тұтқындарына қазақ балалары қоршаудан ақ тас лақтырған. …

Құрт – асыл ас Read More »

Тегін балық

Алғыс айту күніне орай Петропавлда түрлі іс-шара ұйымдасты­рыл­ды. Кезінде өңірге күшпен қоныстан­ды­рылған күрд халқының өкілдері мере­кеден шет қал­май, қа­йырымдылық ак­ция­сын өткізді. Қайырымдылық іс-шарасы Пет­ропавлдағы 20-шағынауданда орналасқан сауда орталығының алдында өтті. Зейнеткерлер у-шу­сыз кезекке тұрып, тегін ба­лық­ты бірінен кейін бірі тәртіппен әке­тіп жатты. Ұйымдастырушы­лар бір адамға 4 келі балықтан берді. “Алғыс айту күніне орай акция ұйымдастыруды …

Тегін балық Read More »

ҚАЗАҚТЫҢ САРЫ БАЛАСЫ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-ке­шенінде жазушы, публицист, облыстың құрметті азаматы Герольд Бельгердің туғанына 90 жыл толуына орай “Сөз зергері – Бельгер” атты еске алу кешін өткізді. “Асыл мұра” орталы­ғының мамандары, Петропавл гуманитарлық-техникалық кол­леджінің оқытушылары мен студенттері, мектеп оқушылары қатысқан іс-шара қаламгердің өмірінен сыр шертетін бейне­материалмен басталды. Г.Бельгер 1934 жылы 28 қа­зан­да …

ҚАЗАҚТЫҢ САРЫ БАЛАСЫ Read More »