«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚТЫҢ САРЫ БАЛАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-ке­шенінде жазушы, публицист, облыстың құрметті азаматы Герольд Бельгердің туғанына 90 жыл толуына орай “Сөз зергері – Бельгер” атты еске алу кешін өткізді. “Асыл мұра” орталы­ғының мамандары, Петропавл гуманитарлық-техникалық кол­леджінің оқытушылары мен студенттері, мектеп оқушылары қатысқан іс-шара қаламгердің өмірінен сыр шертетін бейне­материалмен басталды.

Г.Бельгер 1934 жылы 28 қа­зан­да Саратов облысындағы Энгельс қаласында дүниеге кел­ген. 1941 жылы ата-анасымен бірге неміс ұлтының өкілі ретін­де Қазақстанға жер ауда­рыл­ған. Ол Сол­түстік Қазақстан об­лы­сындағы қазақ ауылында өсті. Осында қа­зақ тілін жетік мең­геріп шықты. Абай атын­дағы Қа­зақ мемле­кеттік педаго­гикалық инсти­тутының фило­ло­гия фа­куль­т­е­тін бітіріп, Жам­был облы­сында орта мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ бе­рді.

– Гераға Есілдің бойында ор­наласқан Шал ақын ауданына қа­расты Ыбыраев ауылының тұрғын­да­рын ерекше жақсы көрді. Гетені тану үшін Абайды оқып, зер­делегенін өткен күннің сар­ғайған парақтарынан біле­міз. Әсі­ресе, аудармашы ретін­де қа­зақ әдебиетіне сіңірген ең­бегі орасан. Батыс авторла­ры­ның шығармаларын қазақ оқыр­­ман­да­рына таныстыру мақ­­­са­тын­да тындырған істері мен қа­ламы­нан туған құнды еңбек­тері та­­рихтан ойып тұрып орын ал­ды. Қазаққа қызмет ету­ді өмірлік ұстанымына айнал­дыр­ған әде­биет білгірі ел есін­де, – деді баян­дама жасаған “Асыл мұра” орталығының ғы­лыми қыз­мет­кері Сағындық Сал­мұрзин.

Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжі жанын­дағы Г.Бельгер музейінің жетек­шісі Ақнұр Қаженова музей сөресінде қаламгердің өміріне қатысты 120-ға жуық жәдігер бар екенін айта келіп, “Көп қыр­лы Бельгер” көрмесіне қойылған Герольд Карловичтің кітап­та­ры, қолжазбалары және жеке зат­тарымен таныстырды.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp