«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құрт – асыл ас

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан уни­вер­ситетінің студенттері “Құрт” акциясын ұйым­дастырды. Бастама авторы – Қазақстан халқы Ас­самблеясы кафедрасы. Ал акцияның жүзеге асуына еврей мәдени орталығы атсалысқан.

“Қазақтың ұлттық тағамы, қа­сиетті құрт – саяси қуғын-сүргін жылдары жер аударылған көп­те­ген адамның өмірін сақтап қал­ды. Тарихи оқиғаларға негіздел­ген аңыз бар: “АЛЖИР” лагерінің тұтқындарына қазақ балалары қоршаудан ақ тас лақтырған. Ал­ғашында байғұс әйелдер оның мәнісін түсінбей, бұл әрекетті қор­­лау деп бағалаған. Кейін оның ас екенін біліп, құрттың кө­мегімен аштықтан аман қалған. Сол себепті құрт біз үшін қайы­ры­мы мол асыл тас”, – деді ка­федра меңгерушісі Людмила Гривенная.

Акцияға орай 20 килограмм құрт университеттің барлық оқу ғимаратында жастарға, ұс­таз­дарға таратылды.

“Бүгін акцияға мен де қаты­сып, құрт тараттым. Құрттың түр-түрі бар: сүрленген, қышқыл, тәтті, ащы. Жалпы бұл мереке­нің мен үшін маңызы зор. Қиын сәтте қайырымдылық көрсеткен қазақ халқына алғыс айтқан эт­ностар аз емес”, – дейді сту­дент Аягөз Қайыркен.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp