«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сақтау шартын бұзған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есірт­кі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызмет­кер­лері “Дәрмек” рес­публи­ка­лық жедел-профи­лактикалық іс-шарасын өткіз­ді. Еліміз бо­йынша өз қызметінде дәрілік зат­тарды қолданатын 900-ге жуық кәсіпорын мен ұйым тек­се­рілді. Есірткі және улы зат­тармен айналысу саласында 22 қылмыстық құқық бұзу­шы­лық анықталды. Әкімшілік жа­уапкершілікке 230 адам тар­тылды, оның ішінде 48 ме­ди­цина қызметкері бар.

Шара барысында сақтау шарттарын бұзғаны үшін 43 келі есірткі және психотроптық заттар, 9 мыңнан астам таб­летка және медициналық пре­параттардың 15 мыңға жуық ампуласы тәркіленді. 3 тон­надан астам прекурсорлар­дың айналымы лицензиялық нормалардың және оларды сақтау қоймаларының техни­калық беріктігі талаптарының бұзылуына байланысты шек­телген.

Мәселен, біздің өңірде өн­дірістік нысандардың бірінің аумағында жүргізілген тексеру барысында улы заттармен жұ­мыс істеу ережесін бұза оты­рып сақтаған 45 келі сынап та­былып, тәркіленді. Бұл үшін 160 АЕК-ке дейін айыппұл салынады не­месе 40 тәулікке дейін қамауға алынады.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp