«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жалған екпе

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір прокурорлары денсау­лық сақтау мекемелерін тексе­ріп, бірқатар заң бұзушылықты анықтады.

Қадағалаушы органның мәлі­метінше, емдеу мекемелері медициналық мақсаттағы бұ­йымдарды тиімсіз пайдаланып, жал­ған екпе қою және ресми құжат­тарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтарға жол берген.

Мәселен, денсаулық сақтау қоймасында жалпы сомасы 7,8 млн. теңге болатын 1,8 мың доза көлемінде қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қар­сы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакциналар сақталған.

Прокурорлық тексеру кезінде қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ, қалалық емханалардың бірінің медицина қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау деректерін анықтады.

Осы жылдың 4 ақпанында прокуратура органдарының ма­териалдары негізінде Петропавл қалалық полиция басқармасы Қыл­мыстық кодекстің 385-бабы “Жалған құжаттарды қолдан жа­сау, дайындау және өткізу бойынша” сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Жалпы медициналық мекемелер Бюджет кодексінде көзделген заңды негіздемесіз иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға өтінімдерді қалыптастыруда заң бұзушылықтарға жол берген.

Қазіргі уақытта қадағалаушы органның актісі негізінде жіберілген заң бұзушылықтарды жою және жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту шаралары қолға алынды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp